Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің экономикалық және шұғыл мәселелер жөніндегі орынбасары

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

Е-1 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

512003

Жалпы біліктілік талаптары

Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Сәулет және құрылыс
  • Көлік қызметтері
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Автоматтандыру және басқару
  • Машина жасау
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Аспап жасау
  • Жылу энергетикасы
  • Электр энергетикасы
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Тестілеу бағдарламасына сәйкес әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының осы санаты үшін қажет Қазақстан Республикасының заңдарын білу. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын, осы санаттағы нақты лауазымдардың мамандығына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Функционалды міндеттер

Орталық атқарушы органдардың аудандық және аумақтық бөлімшелерінің мынадай мәселелер бойынша өзара іс-қимылын үйлестіру: экономикалық жоспарлау және бюджетті дамыту, бюджетаралық қатынастар, қаржы, салық және тарифтік саясат мәселелері, ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламалары, жалақы төлеу, коммуналдық меншік және жекешелендіру, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру, салық және қаржы-кредит тәртібін бақылау мәселелерін, қор және сақтандыру нарықтарын дамыту, жергілікті мемлекеттік органдарды және тұрғындарды ақпараттандыру, инвестициялық саясаттың, жұмылдыру саясатын іске асыру, сәулет, құрылыс және қала құрылысы, көліктің барлық түрлерін, жолдарды, инженерлік коммуникацияларды, тұрғын үй-коммуналдық саланы іске асыру, коммуналдық салада, отын-энергетикалық кешенде, энергиямен жабдықтау, сумен жабдықтау және су шаруашылығы іс-шараларын іске асыруда тарифтік саясатты қалыптастыру, тұрғын үй және әлеуметтік-өндірістік инфрақұрылым объектілерін жылу беру маусымына дайындау, елді мекендерді абаттандыру, сумен жабдықтаудың төтенше жағдайларының салдарын жою және су шаруашылығы іс-шараларын, өндірістік-жол учаскесін, телекоммуникацияларды, өрт қызметін іске асыру туралы мәселелер. Жетекшілік ететін салаларда ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне қол жеткізуге және көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасына жауапты.

А блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 24.09.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

25.09.2024 – 27.09.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

01.10.2024

Сұхбаттасу орны

Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі,58 116 каб.

Анықтама алу үшін байланыс

8(715-2) 50-44-97