Қызылжар аудан әкімінің шұғыл мәселелері, экономика және қаржы жөніндегі орынбасары

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

Е-1 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

512003

Жалпы біліктілік талаптары

Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Көлік қызметтері
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Автоматтандыру және басқару
  • Машина жасау
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Жылу энергетикасы
  • Электр энергетикасы
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың тестілеу бағдарламасымен көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі; Нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі; Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Функционалды міндеттер

Сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғау, апаттар мен сұрапыл бәлені ескерту және жоюды ұйымдастыру, табиғи ресурстар мен табиғат пайдалану реттеу, қоршаған ортаны қорғау, балық, орман шаруашылығы, отын – энергетикалық кешен, энергетика және коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік орган аумақтық құрылымдарының қызметін үйлестіру. Құрылыс, көліктің барлық түрлері, жол, телекоммуникация мәселелері. Төтенше жағдайларды ескерту және жою мәселелері. Инженерлік коммуникация, тұрғын үй - коммуналдық сала, коммуналдық салада тарифтік саясатты қалыптастыру, сумен жабдықтау және су шаруашылық іс-шараларды іске асыру, тұрғын үй және әлеуметтік - өндірістік инфрақұрылым объектілерін жылыту маусымына дайындау, елді мекендерді абаттандыру мәселелері. Бюджетті қалыптастыру, ауданның әлеуметтікэкономикалық даму бағдарламасын, нысаналы бағдарламаларын, индикативтік, экономикалық жоспарлау және бюджетті, бюджетаралық қатынасты дамыту, қаржылық, салықтық және тарифтік саясат, коммуналдық меншік және жекешелендіру жұмыстарды ұйымдастыру. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру, салықтық және қаржы-несиелік тәртіп, еңбекақыны жоғарылату, жұмыспен қамту, көші-қон, еңбек мәселелері. Мемлекеттік кірістер басқармасымен, Қазынашылық, статистика, «Қазпошта» аудандық филиалы бөлімшесімен байланыс жасайды. Сәулет және құрылыс, ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін, экономика және қаржы бөлімің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін, жұмыспен қамту орталығының қызметін жалпы бақылау және құқық көмек көрсету. Аудан аумағында орналасқан шекара бақылау отрядымен, қоршаған ортаны қорғау облыстық аумақтық басқарма филиалымен, коммуналдық кәсіпорындармен, ауданның электр желісімен, аудандық өрт сөндіру қызметі және ТЖ бөлімімен, «Қазақтелеком» АҚ аудандық филиалымен, «Есіл Су» РМК аумақтық құрылыммен, жылжымайтын мүлік орталығы аудандық филиалымен байланыс жасайды. Жұмылдыру ресурстарын қабылдау пункттерін өрістетуді ұйымдастырады, әкімнің жұмылдыру даярлығына, аумақтық қорғанысқа және азаматтық қорғауға жетекшілік ететін орынбасары ретінде жеке құрамды қабылдау пунктінің бастығы болып табылады. Жетекшілік ететін бөлімдері бойынша мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне бақылауды жүзеге асырады. Құпиялылық режимінің талаптарын сақтау.

(А блогы)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 13.08.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

14.08.2024 – 16.08.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

20.08.2024

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі 58, 116 каб.

Анықтама алу үшін байланыс

8(7152)34-02-16