"Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" КММ-cі идеология бөлімінің басшысы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
380392
Жалпы біліктілік талаптары
D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
- Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (білім беру саласы)
- Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
- Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
Қосымша талаптар
Тиісті санатқа арналған әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасында қарастырылған Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі, Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
Функционалды міндеттер
Бөлімнің қызметіне лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес берілген құқықтар шегінде жалпы басшылықты жүзеге асырады, қызметтің негізгі бағыттарын, нысандары мен әдістерін айқындайды;
Жетекшілік ететін әлеуметтік-мәдени,ақпараттық және идеологиялық салаларда, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру салаларындағы Ұлттық жобалардың орындалуына мониторинг жүргізеді, мониторинг деректерін талдайды;
Жетекшілік ететін сала бойынша нысаналы индикаторлардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
Жетекшілік ететін саланың мәселелері бойынша талдамалық анықтамаларды, қызметтік жазбаларды және ақпаратты дайындау бойынша жұмыс жүргізеді;
Әкімнің, әкім орынбасарының, әкім аппараты басшысының, облыс әкімі аппараты басшысының жетекшілік ететін орынбасарының жұмысын ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
Өз құзыреті шегінде жоғары тұрған органдардан "құпия" деген белгімен келіп түскен тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді;
Мемлекеттік органдармен және ұйымдармен қатысады облыс әкімінің қол қоюы үшін меморандумдар мен келісімдердің жобаларын, "жол" карталарын, іс-шаралар жоспарларын дайындауда және келісуде.
Облыс әкімінің, әкім орынбасарының орталық мемлекеттік органдармен Президент Әкімшілігімен, Үкіметпен, Премьер-Министр Кеңсесімен, оның ішінде бейнеконференцбайланыс арқылы кеңестерге шығуына ақпарат дайындауды және келісуді жүзеге асырады;
Облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасары төрағасы болып табылатын өңірлік комиссиялардың, жұмыс топтарының, кеңестердің отырыстарының жұмысын ұйымдастырады;
Бөлімнің Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесімен, орталық мемлекеттік органдардың аппараттарымен, облыстық мәслихатпен, облыстың атқарушы органдарымен, аудандық (Петропавл қ.) әкімдіктермен және облыс әкімі аппаратының бөлімдерімен өзара іс-қимылын жүзеге асырады;
Бөлім қызметінің саласына кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімдігінің және әкімінің қаулылары мен басқа да нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін құзыреті шегінде және Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес қарайды; Жетекшілік ететін саладағы мемлекеттік органдар облыс әкімінің орынбасарына енгізетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауаптар жобаларының сапасын бақылауды жүзеге асырады. Қажет болған жағдайда облыс әкімі орынбасарының қарарларын орындаушылардың құрамына қосымша мемлекеттік органдардың не лауазымды адамдардың енгізілу мәніне құзыретіне сәйкес қайта қарайды, пысықтауға жауаптардың сапасыз жобаларын жолдайды;
Құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтайды.
А блогі
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
l.zhukenova@sko.gov.kz
- 12.08.2024
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі,58 119 кабинеті
-
87152340216