"Қызылжар ауданының білім бөлімі" КММ-нің сектор меңгерушісі
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
D-R-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
Санатына сәйкес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үміткерлерінің тесттік бағдарламамен қарастырылған Қазақстан Республикасының заңнамасын білу, «Қазақстан - 2050»: құрылған мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясын білу осы санаттың нақты лауазымының мамандандыруына сәйкес келетін, облыстарда қатынасты реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу; осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін керекті міндетті білім.
Функционалды міндеттер
Білім бөлімінің жұмысын жоспарлау, оның қызметін үйлестіру; ауданда білім беруді дамытуды болжау және экономикалық жоспарлау сұрақтары бойынша бақылау (оның ішінде: білім беру мекемелерін қайта тіркеу, тарату, мектептердің Жарғыларына өзгерістер, толықтырулар енгізу, жалпы бастауыш, жалпы негізгі немесе жалпы орта білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ Мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдардың білім беру қызметін лицензиялауды ұйымдастыру, медициналық кабинеттерді лицензиялау), тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды, Мемлекеттік стандарттардың орындалуын және оқушылардың білім сапасын бақылауды жүзеге асыру, мектепішілік бақылау, білім беруді дамыту, аудан мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша жұмыс, мектеп асханалары мен буфеттеріне құжаттар дайындау және сертификаттау жүргізу;аудан мектептерінде медициналық қызмет көрсету жағдайын қамтамасыз ету және мектеп медицина қызметкерлерінің жұмысы;мақсатты бағдарламалар жасау және олардың орындалуын бақылау; аудан мектептерінің жұмысын жоспарлауды талдау, педагогикалық кеңестердің, директор жанындағы кеңестердің жұмысы, мектептердің фронтальды және тақырыптық тексерулерін ұйымдастыру және оларды аттестаттау; өз жұмыс бағыты бойынша есептер мен ақпараттар жасау; АББ жұмысының перспективалық және ағымдағы жоспарларын құру: жылдық, айлық, апта сайынғы; АББ Кеңесіне және аппараттық кеңестерге материалдар дайындау; ҰБТ, МАБ өткізуді ұйымдастыру; негізгі сатыдағы мектептердің түлектерін жұмысқа орналастыру және одан әрі білім беру мәселесі бойынша бақылау; Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекске сәйкес білім беру мәселелері бойынша азаматтардың хаттарын, арыздарын, өтініштерін қарау; істер номенклатурасына сәйкес мұрағатқа тапсыру үшін жұмыста жатқан істерді қалыптастыруды ұйымдастыру; АББ басшысы болмаған кезде оның қызметтік міндеттерін орындау.
( А блогы)
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
t.lastovets@sko.gov.kz
- 07.08.2024
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі 58, 118 каб.
-
8(7152)34-02-16