Петропавл қаласы әкімінің құрылыс және жедел мәселелері жөніндегі орынбасары
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
593752
Жалпы біліктілік талаптары
Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
- Сәулет және құрылыс
- Автоматтандыру және басқару
- Машина жасау
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Аспап жасау
- Жылу энергетикасы
- Электр энергетикасы
- Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
Қосымша талаптар
Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың тестілеу бағдарламасымен көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі; Нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі; Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Функционалды міндеттер
Мемлекеттік мекемелер мен қала әкiмi аппараты бөлiмдерiнiң, қала ұйымдарының көлік, байланыс, құрылыс, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы, жол салу және пайдалану, абаттандыру, газбен, сумен жабдықтау және канализация, инженерлік коммуникациялар, өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, жануарлар, өсiмдiк әлемiн, табиғи ресурстарды қорғау қызметін үйлестіру. ПИК мен ТҚК, гараж кооперативтерiн құру және қызметi, қаланың тұрғын үй қорын пайдалану, оны абаттандыру және санитарлық жағдайы, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары, зираттар мәселелерi. Су тасқынына қарсы, төтенше жағдайлар жөніндегі iс-шараларды ұйымдастыру, тұрғын үйлердi қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындау мәселелерi.
Басқаратын салалары бойынша мақсатты салалық және өңірлік бағдарламаларды әзiрлеу, орындау және олардың орындалуын бақылау. Азаматтық қорғаныс, жұмылдыру жұмыстары, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселелері. «Петропавл қаласының құрылыс, қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» КММ; «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолдаушылар көлігі және автомобиль жолдары» КММ; «Петропавл қаласының жер қатынастары бөлiмi» КММ; «Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі», қала әкімі аппаратының ТЖ жөніндегі бас маманының қызметін жалпы бақылау. Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы мәселелер бойынша ҚР заңнамасының орындалуын қамтамасыз етеді. Басқаратын мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың облыстық және аумақтық бөлімшелерімен байланысты жүзеге асырады. Мынадай комиссияларды басқарады: көліктегі қауіпсіздік; жер комиссиясын.
Жетекшілік ететін мемлекеттік органдар мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерде бақылау және жауапкершілік.
(А блогы)
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
d.bassygarin@sko.gov.kz
- 25.07.2024
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі 58, 118 каб.
-
8(7152)50-16-79