«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» КММ басшысының орынбасары
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
441254
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Сәулет
- Геодезия және картография
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Құрылыс
- Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
- Көлік құрылысы
- Инженерлік жүйелер және желілер
- Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
Қосымша талаптар
"Қазақстан-2050" Стратегиясын білу: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты, ҚР Азаматтық кодексінің, ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормалары, "ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы", "тұрғын үй қатынастары туралы" ҚР Заңдары, ҚР Құрылыс нормалары мен ережелері
Функционалды міндеттер
Бірінші басшының тапсырмасы бойынша құрылыс және өзге де мәселелер бойынша басқа ұйымдармен қарым-қатынаста басқарма мүдделерін ұсыну. Басқарманың басқа функционалдық қызметтеріне қатысты және мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына жұмысшылар мен әлеуетті өнім берушілер әрекетін ұйымдастыру. Стратегиялық, мемлекеттік бағдарламалар, пилоттық ұлттық жобалар аясында, іске асырылуы Басқармаға жүктелген құрылыстарды жалпы бақылау және жұмыстарды ұйымдастыру. Басқарманың қаржылық құжаттарына қол қою құқығы бар. Орындалған жұмыс актілерінің уақытында ресімделуіне, есептік-төлем құжаттарының дайындалуына, мердігерлер орындаған және төлеуге қабылдаған жұмыс көлемдерін төленуіне бақылау. Объектілердің құрылысына және жобалауға мердігерлік шарттар бойынша тараптардың міндеттемелерін орындауға бақылау ұйымдастыру. Құрылыстық сала бойынша инвестициялық бағдарлама жобаларын дайындауды ұйымдастыру, оларды қорғау, олардың іске асырылуына бақылау. Объектілердің құрылыс барысында туындайтын мәселелерді жедел шешу мақсатында, мердігерлермен бірлесіп, іс-шараларды жүргізу. Басқарманың желісі бойынша, сондай-ақ, мемлекеттік жеке серіктестік шеңберінде күрделі құрылыстың жылдық және келешек жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыру. Нысандарды жобалау және салу кезеңдерінде басқарма қызметтерін, жобалаушы және сараптық ұйымдардың өзара жұмыстарын жүзеге асыру. Мердігерлер, сәулет-құрылыстық бақылау қызметі, техникалық және авторлық қадағалау қызметтері орындайтын жұмыстардың сапасына бақылау ұйымдастыру. Барлық меншік нысанындағы шаруашылық субъектілердің құрылыс материалдары және бұйымдары өндірісі бойынша жұмыстарына ықпал ету. Объектілердің инженерлік коммуникацияларын қосу бойынша техникалық шарттардың ресімделуіне және ұзартылуына, объектілердің құқықтық құжаттарының ресімделуіне бақылау жүргізу. Объектілерді пайдалануға енгізу жөніндегі қабылдау комиссияларына қатысу. Техникалық және сараптық комиссияларға қатысу. Жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, арыз-шағымдарын заңнамаларда белгіленген тәртіппен қарастыру. Инновациялық әдістер мен технологияларды қолдануды, құрылыс саласында ІТ жобаларды үйрену, ұсыныстар енгізу және оларды жұмыста қолдану. Құрылыс нысандарын салуға бағытталған қаражаттардың игерілуін қамтамасыз ету. Қаржы-әкімшілік бөлімінің қызметіне жетекшілік етеді. Басқармаға қатысты ұйымдық-құқықтық және басқа да құқықтық мәселелер бойынша, оның ішінде Басқарманың пайдасына қабылданбаған сот актілеріне шағымдану жөнінде барлық сот инстанцияларында уақтылы шаралар қабылдау бойынша жұмыстардың қамтамасыз етілуіне бақылауды жүзеге асырады.
(А блогы)
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
t.lastovets@sko.gov.kz
- 25.07.2024
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі 58, 118 каб.
-
8(7152)34-02-16