«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшы орынбасары
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
163166 - 220682
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-2, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы
- ғылыми дәрежесі;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Әлеуметтану
- Психология
- Журналистика
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қаржы
Функционалды міндеттер
|
Басқарма басшысы болмаған кезде оның міндеттерін орындау. Басқарманың құзіретіне кіретін сұрақтар бойынша аудан және Петропавл қаласының ішкі саясат бөлімдерінің қызметін үйлестіру. Ішкі саяси тұрақтылықты және қоғамды топтастыруды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Ішкі саясат саласында тұжырымдамалық негіздер мен тәжірибелік ұсыныстар, сондай-ақ азаматтық сәйкестілікті қалыптастыру, Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімдік даму басымдылықтары негізінде қоғамды топтастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу. «Қазақстан-2050» Стратегиясын, ҚР Президентінің жыл сайынғы Жолдауын ел халқына түсіндіру бойынша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметі және реформалары бағытындағы мемлекеттік салалық бағдарламаларды жүзеге асыру барысын жарықтандыру бойынша ақпараттық топтардың қызметін, мемлекеттік органдардың ақпараттық-түсіндірмелі жұмысын ұйымдастыру. Өңірдің ішкі саяси жағдайын, қоғамдық-саяси және мәдени іс-шараларын жедел жарықатндыруды ұйымдастыру. Өңірде ақпараттық жұмыс жүргізу бойынша, медиа-жоспарлауды, өңірлік мемлекеттік органдардың медиа-құрылымдармен идеологиялық жұмысын үйлестіруді ұйымдастыру бойынша басшылықты жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау жөніндегі Комиссияның жұмысын үйлестіру. Облыс мекемелерінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау және қолдану саласында мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру. Облыста БАҚ ұйымдастырушылық және кадрлық жағдайына бақылау жүргізу. Басқарманың ақпараттық, анықтамалық және әдістемелік материалдар шығаруы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік тапсырысты орындау бойынша қызметін үйлестіру. Өңірлік БАҚ ақпараттық саясатты жүргізуге арналған мемлекеттік тапсырысты іске асыру бойынша атқарылған жұмыстардың актілерін тексеру. Күнтізбелік жоспарларға және шарттардың міндеттемелеріне сәйкес іс шараларды сапалы және уақытында өткізуді бақылау және мониторинг. Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде көрсетілген қызмет актілерін бекіту. Ақпараттық саясат шеңберіндегі қызметтер бойынша келісім шарттарды келісу. Істер номенклатурсын сақтауды, ресми құжаттардың, есептердің, жетекшілік ететін бөлімдерде басқармадан шығатын бақылаудағы ақпараттардың уақытында ресімделуін бақылау. Басқарма басшысына басшылық ететін бөлімдердің қызметшілерін марапаттау және тәртіптік жаза қолдану бойынша ұсыныстар енгізу. Ақпараттық саясат бөлімінің жұмысын басқару. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. |
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 07.08.2020
- СҚО Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы көшесi, 58 үй, 122 каб
-
465079