Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бас инспекторы

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-3 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
  • Агрономия
  • Қызмет көрсету саласы
  • Физика
  • Құқықтану
  • Сәулет
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Машина жасау
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
  • Құрылыс
  • Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
  • Аграрлық техника және технология
  • Топырақтану және агрохимия
  • Қаржы
  • Инженерлік жүйелер және желілер

Қосымша талаптар

1.Тиісті санатқа арналған әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасында қарастырылған Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі.

      «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі,   осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

    2.«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Заңды, «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін» (жалпы бөлім), Казақстан Республикасының Еңбек кодексін білу.

Функционалды міндеттер

Жетекшілік ететін қаланың қоғамдық-саяси жағдайына, әлеуметтік-экономикалық дамуына, аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуына, экономиканы реформалауға, халықтың түрлі топтарының өмір сүру деңгейіне мониторингті және талдауды жүзеге асырады.

Облыс әкімінің, ресми тұлғалардың жетекшілік ететін ауданға (облыстық маңызы бар қалаға) не облыстық мемлекеттік органға жұмыс сапарларын және мақсатты сапарларын ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;

Солтүстік Қазақстан облысының ресми іс-шаралар хаттамасының сақталуын қамтамасыз етеді.

Жетекшілік ететін бағыттар бойынша басшылықты жедел және жоспарлы хабардар етуді қамтамасыз етеді.

Жетекшілік ететін басқармалардың қызметіне жалпы мониторингті жүзеге асырады.

Жетекшілік ететін басқармалардың, қаланың қызмет салалары бойынша кеңестерді дайындауды және өткізуді жүзеге асырады.

Облыс әкімінің, аппарат басшысының жергілікті атқарушы және өкілді билік органдармен ұйымдастырушылық және ақпараттық байланысын жүзеге асырады.

қалалар мен аудандар әкімдерінің, облыстық атқарушы органдар басшыларының Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалу барысына бақылау және тексеру жүргізеді.

Облыс әкімінің жұмыс сапарларын есепке алуды (тізілімді жүргізу), облыс әкімінің бас инспекторларының іссапарларын есепке алуды (тізілімді жүргізу) жүзеге асырады.

Жеке және заңды тұлғалардың облыс әкімінің атына және өзге де сатыларға келіп түскен жазбаша өтініштері мен шағымдарын қарайды (қажеттілігіне қарай жергілікті жерге барып), олар бойынша қорытындылар мен жауаптар дайындайды.

Облыстық және аудандық БАҚ мониторингін, ай сайынғы негізде БАҚ мониторингінің қорытындылары бойынша қызметтік талдамалық жазбаларды дайындауды, күнделікті жедел ақпаратты дайындауды жүзеге асырады.

Облыс әкімі, облыс әкімі аппараты басшысы тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етеді; аппарат басшысын, бөлім меңгерушісін жетекшілік ететін аудандардағы, Петропавл қаласындағы, жергілікті атқарушы органдардағы жағдай туралы үнемі хабардар етеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентінің, жергілікті өкілді билік, өзін-өзі басқару органдарының сайлауын, референдумдарды, облыстық іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

Тапсырмаларды орындау мониторингінің қорытындысы бойынша, сондай-ақ облыстың сыртқы экономикалық және гуманитарлық байланыстарын, инвестициялық белсенділігін дамыту бойынша ай сайынғы негізде қызметтік талдамалық жазбаларды дайындауды жүзеге асырады.

А  блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 04.07.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

05.07.2024 – 10.07.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

12.07.2024

Сұхбаттасу орны

СҚО Петропавл қ. Қазақстан Конституциясы к-сі,58 116 каб.

Анықтама алу үшін байланыс

87152340216