«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» КММ басшысы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
688752
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде екі жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Өндірістік және өңдеу салалары
- Қызмет көрсету саласы
- Құқықтану
- Экономика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Әлемдік экономика
- Автоматтандыру және басқару
- Машина жасау
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Аспап жасау
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Қаржы
Қосымша талаптар
Тиісті санаттың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білу.
Осы санаттың нақты лауазымын мамандандыруға сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін: ҚР Жер кодексі, ҚР Экологиялық кодексі, ҚР Су кодексі, ҚР Кәсіпкерлік Кодексі, ҚР Əкімшілік рəсімдік-процестік кодексі, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР кодексі, «Өнеркәсіптік саясат туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы», «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы», «Сауда қызметін реттеу туралы», «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2021-2025 жылдарға тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы инвестициялық саясатының 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы, ҚР Президентінің Жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары мен өкімдері, өзге де нормативтік-құқықтық актілер, нормалар және қағидаларды білу.
Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажет басқа да міндетті білімді, сондай-ақ функционалдық міндеттерді орындау үшін қажет көлемде мемлекеттік тілді білу.
Функционалды міндеттер
Басқарма қызметін дара басшылық қағидаттарымен ұйымдастыру және басқару.
Басқарманы облыстық және республикалық басқару деңгейіндегі барлық органдарда және ұйымдарда ұсыну.
Облыстың тиімді индустриялық-инновациялық дамуына, кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік және өңірлік саясатты жүргізу
Жетекшілік ететін салалар бойынша инвестициялық және инновациялық жобаларды жалпы үйлестіру және сүйемелдеу.
Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, орталық және жергілікті атқарушы органдар тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету.
Кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму, жер қойнауын пайдалану, өнеркәсіпті дамыту және инвестиция тарту саласында әлеуметтік-экономикалық реформалардың жүргізілуін үйлестіру.
Бекітілген іс-шаралар бойынша бюджеттік бағдарламаларды және бюджеттік өтінімдерді бекіту.
Жетекшілік ететін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштерінің қаралуын бақылауды ұйымдастыру, азаматтарды жеке қабылдауды жүргізу.
Мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылауды ұйымдастыру.
А блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
S.Kaldybaev@sko.gov.kz
- 12.07.2024
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 116 кабинеті
-
8(7152)50-16-79