«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» КММ кәсіпкерлікті дамыту және eлішілік құндылық бөлімінің бас маманы ( 3 біліктілік)

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-О-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Өндірістік және өңдеу салалары
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Әлемдік экономика
  • Автоматтандыру және басқару
  • Машина жасау
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Аспап жасау
  • Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
  • Туризм
  • Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Тиісті санаттың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу,

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білу,

Осы санаттың нақты лауазымын мамандандыруға сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының мынадай нормативтік құқықтық актілерін білу: Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі, Қазақстан Республикасының Əкімшілік рəсімдік-процестік кодексі, «Өнеркәсіптік саясат туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары, Елішілік құндылықты және экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту бағдарламасы, ҚР Президентінің Жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары мен өкімдері, өзге де нормативтік-құқықтық актілер, нормалар және қағидалар,

функционалдық міндеттерді орындау үшін қажет басқа да міндетті білімді, сондай-ақ қажет көлемде мемлекеттік тілді білу.

Функционалды міндеттер

Кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың іс-шаралар жоспарларының орындалу барысы туралы есептерді дайындау және ұсыну.

Мемлекеттік қолдауға жататын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметін жүзеге асыратын экономика салаларын мемлекеттік қаржылық қолдау қағидаларын, нысандарын іске асыруды қамтамасыз ету жөнінде материал дайындау.

"Қарапайым заттар экономикасы" жеңілдікпен кредит беру тетігі іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жүзеге асыру.

"Ұлттық Рухани жаңғыру" ұлттық жобасын іске асыру, соның ішінде «Туған жер» жобасын орындау жөніндегіай сайынғы және тоқсан сайынғы есептерді дайындау және ұсыну, «Easy platform» бірыңғай кросс-платформасын толтыруды жүзеге асыру.

Облыста шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің даму мониторингін жүзеге асыру.

Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға бөлінген бюджет қаражатының қозғалысын талдауды жүзеге асыру.

Халық, шағын кәсіпкерлік субъектілері арасында жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселелеріндегі мемлекеттік саясат туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу.

Бизнесті қолдау бағдарламаларының іске асырылу барысында кәсіпкерлік құрылымдарда қосымша жұмыс орындарын құру жөніндегі мониторингті жүзеге асыру.

Мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақтылы көрсетуді жүзеге асыру.

Заңды тұлғалардың түсті және қара металдар сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуі және өткізуі жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалардың мониторингісін жүргізу.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуге материалдар дайындау және жүргізу.

«Жомарт Жүрек» қайырымдылық саласындағы меценаттарға құрмет көрсетуді ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі жұмысты жүргізу.

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) енгізу мәселелерін қарау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға қатысу.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарында сертификатталмаған материалдарды сатып алуды болдырмау үшін дайындалатын өнімді сертификаттау мәселесі бойынша жергілікті өндірушілермен өзара іс-қимыл жасау.

Аудандық және облыстық маңызы бар нормативтік құқықтық актілердің жобаларына реттеушілік әсерді талдау рәсімін сақтау бойынша қорытындылар дайындау.   

Қазақстан Республикасының, Солтүстік Қазақстан облысының Елішілік құндылықты және экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту бағдарламасы іс-шараларының іске асырылуын мониторингілеу.

Бөлім құзыреті шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысының Елішілік құндылықты дамыту жөніндегі комиссиясы отырыстарына материалдар дайындау.

Басқарманың салалық бөлімдермен бірлесіп, республикалық және жергілікті деңгейдегі стратегиялық, бағдарламалық құжаттарды әзірлеу үшін ұсыныстар дайындау.

Басқарманың салалық бөлімдерімен бірлесіп, Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары іс-шараларының, "Amanat" партиясының сайлау алды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасының іске асырылу барысы туралы ақпарат дайындауды ұйымдастыру.

Облыс басшылығының жұмыс сапарлары, есеп беру кездесулері, өңірге ресми сапарлар шеңберінде басқарманың құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, басқарма қызметінің бағыттары бойынша облыстың дамуы туралы материалдар дайындау.

Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінен басқарманың бағыттарын дамыту қорытындылары туралы өзекті материалдарды (ұсыныстар, тезистер, анықтамалар, статистикалық деректер) тұрақты негізде жинау.

Облыс әкімінің бақылауында болатын құжаттар мен тапсырмалардың уақтылы орындалуын бақылау.

БАҚ-қа жіберу үшін басқарманың салалық бөлімдерімен бірлесіп баспасөз релиздерін дайындау.

«Ашық деректер» бағыты бойынша бірыңғай тізбеге сәйкес ақпарат дайындау.

Басқарманың салалық бөлімдерімен бірлесе басқарма қызметі туралы деректерді өзектендіру мақсатында МО ИРБП-ні (Мемлекеттік органдар интернет-ресурста-рының бірыңғай платформасы) мониторингілеу.

Кәсіпкерлік субъектілері арасында өңірлік конкурстарды өткізуді ұйымдастыруға қатысу.

Шағын және орта бизнес мәселелері бойынша облыстық комиссиялардың, жұмыс топтарының, сараптамалық кеңестердің және т.б. жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Шағын және орта бизнес өкілдерімен облыс әкімінің мәжілістерін өткізуді дайындау.

Кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша көрмелер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру және өткізу.

Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кәсіпкерлер палатасы, "Даму "кәсіпкерлікті дамыту қорының СҚО бойынша өңірлік филиалы, Екінші деңгейдегі банктер, кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктері,  шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.

Гендерлік саясатты іске асыру мәселесі жөніндегі жұмысты жүзеге асыру.

Жастар кәсіпкерлігін дамытуды жүзеге асыру.

Бөлім қызметінің бағыттары бойынша шағым-талап-арыз жұмыстарын жүргізуге қатысу, соның ішінде материалдар дайындау және бас маман-заңгермен бірлесе сотта мүддені ұсыну.

Кәсіпкерлерді республикада және шет елдерде өткізілетін байқаулар, көрмелер, жәрмеңкелер туралы ақпараттандыру.

Шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі облыстық әкімдік қаулысы, әкім шешімі жобаларын дайындау.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеу, олар бойынша уақытылы және сапалы жауап дайындау.

Бөлімнің іс қағаздарын ұйымдастыру.

А блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 28.06.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

01.07.2024 – 10.07.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

12.07.2024

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 116 кабинеті

Анықтама алу үшін байланыс

8(7152)50-16-79