«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» КММ жиынтық-талдау жұмыстары және сумен жабдықтау бөлімінің бас маманы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Су шаруашылығы
- Құқықтану
- Экономика
- Есеп және аудит
- Электр энергетикасы
- Құрылыс
- Қаржы
- Инженерлік жүйелер және желілер
- Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
Қосымша талаптар
Тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білу.
"Қазақстан - 2050" стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Осы лауазымның мамандануы саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілері: "Азаматтық қорғау туралы"., "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы", "Лицензиялау туралы", "Мемлекеттік сатып алу туралы", "Газ және газбен жабдықтау туралы". Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Функционалды міндеттер
Басқармаға жүктелген бағдарламаларды, іс-шараларды және жоспарларды әзірлеуге және орындалуын бақылауға қатысу және олардың орындалуы туралы есептерді дайындау.
Бақылауды жүзеге асыру:
- Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілері, Президент Әкімшілігінің тапсырмалары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің тапсырмалары бойынша облыс әкімінің бақыланатын тапсырмаларының талап етілетін мерзімде сапалы және уақтылы орындалуын ұйымдастырғаны үшін;
- бағдарламалық құжаттарды жүзеге асырғаны үшін: цифрландыру кеңсесі, Жобалық басқаруды жүзеге асырғаны үшін, "Қазақстан Республикасының Жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасын" жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асырғаны үшін, "Жаңартылатын энергия көздері" саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырғаны үшін", "Солтүстік Қазақстан облысының аумағын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасы" жылумен, энергиямен жабдықтау бөлігінде;
Басқарма бөлімдерінің жұмысын үйлестіру: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, әлеуметтік нысандарды, тұрғын үйлерді, жылумен жабдықтау нысандарын жылу беру маусымына дайындау және осы мәселе бойынша жоғары тұрған органдарға есеп беру мәселелері бойынша; жылу беру маусымының барысын, осы кезеңдегі жылумен жабдықтау нысандарының жұмысын бақылау бойынша; МЖӘ шеңберіндегі жобаларды іске асыру үшін; қаржы, экономика және мемлекеттік сатып алу бөлімінің, сумен жабдықтау және су бұру объектілерін дамыту және пайдалану бөлімінің қызметіне.
Қала және аудандар әкімдерінің тиісті қызметтерімен жұмыста өзара іс-қимылды ұйымдастыру.
Басқарма басшылығының, жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын орындау кезінде мерзімдердің сақталуын, азаматтардың өтініштерінің уақтылы және дұрыс қаралуын бақылайды, Басқармадағы іс қағаздарының жүргізілу жағдайын бақылайды.
Басқа бөлімдермен бірлесе отырып, облыстық семинарларға, алқаларға, мәжілістерге және облыс әкімдігінің отырыстарына материалдар дайындайды.
Объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін деректерді ұсыну. Объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша инвестициялық жобалардың іске асырылуын мониторингілеу. Тапсырыс беруші басқаруды жүзеге асыратын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін қайта құру және жөндеу кезінде:
- жобалаушы ұйымдармен жұмыс;
- жобалау-сметалық құжаттаманың болуын, сақталуын және қозғалысын алу, есепке алу және бақылау;
- бас мердігер ұйымдармен жұмыс;
- орындалған және төлеуге ұсынылған жұмыстарды, жобалық шешімдердің сақталуын, орындалу мерзімдерін, жобалық-сметалық құжаттаманың құны мен көлемінің сәйкестігін бақылау.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің құрылысын, реконструкциясын және жөнделуін, олардың аудандарда және облыс орталығында пайдалануға қабылдануын бақылау.
Жобаларды қаржыландыру және іске асыру мақсатында жергілікті және республикалық бюджеттерден бөлінетін қаражаттарды есептеуді жүзеге асыру.
Жобалардың экономикалық тиімділік көрсеткіштерін есептеу.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс.
Ақпаратты жинау мен өңдеуді жүзеге асыру, хаттар мен сауалдарға жауаптар дайындау.
Бөлім қызметінің бағыттары бойынша Басқарманың ресми веб-сайтының беттерін жаңарту. Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін сақтау. Басқарма басшылығы айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
А блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
S.Kaldybaev@sko.gov.kz
- 05.07.2024
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 116 кабинеті
-
8(7152)50-16-79