«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» КММ-нің қаржы бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-О-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

243700

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білу.

"Қазақстан - 2050" стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Осы лауазымның мамандануы саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілері: Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының Салық кодексін, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережелерін, Бюджеттік есепке алуды жүргізу ережелерін, мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары, Азаматтық қызметшілерге, қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесі туралы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлері, Мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну ережелері, Қаржылық есептілікті жасау мен ұсынудың нысандары мен ережелерін, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау ережелерін бекіту туралы, Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын.  Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары, Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және үстемеақылар белгілеу қағидалары. Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Функционалды міндеттер

Өткізілетін тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қатысу. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстар өткізу туралы бұйрықтардың жобаларын дайындау. Конкурстық комиссиялар мен сараптамалық топтардың құрамын қалыптастыру (келісім бойынша), оларды конкурстық құжаттаманы зерделеуге ұсыну. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспарларын қалыптастыру және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу. Мемлекеттік сатып алу веб-порталында конкурстар және электрондық мемлекеттік сатып алулар туралы хабарландырулардың жариялануын қамтамасыз ету. "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заң аясында жасалған келісімшарттарды ресімдейді; жауапты тұлға қабылдағаннан кейін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді қабылдау-тапсыру актілерін ресімдейді. Әлеуетті өнім берушілердің өткізілетін мемлекеттік сатып алуларға қатысуына рұқсат беру бойынша конкурстық отырыстарға қатысу, бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша хаттамаларды ресімдеу.  Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізу, олардың қорытындылары бойынша шарттар жасасу. Шарттарды және олар бойынша төленген сомаларды мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыру. Мемлекеттік сатып алу веб-порталында қазақстандық қамту көлемі, шағын кәсіпкерлік субъектілерінен сатып алулар және Басқарманың іс жүзінде жүзеге асырған мемлекеттік сатып алулары туралы есептерді қалыптастыру. Басқарма жүзеге асыратын салалық бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімдерді қалыптастыруға жәрдемдесу, Басқарманың шығыстары бойынша бюджеттік өтінімдерге есептеулер дайындау. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекітілген бюджетке сәйкес қалыптастыру, веб–порталда уақытылы орналастыру. Солтүстік Қазақстан облысының даму бағдарламасының жобаларына енгізу үшін энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салалары бойынша мәліметтер жинау және талдау.

Басқарманың заң жұмысын жүргізу, сондай-ақ Сот және өзге де мемлекеттік органдарда Басқарманың мүдделерін қамтамасыз ету. Салалық бөлімдер әзірлеген нормативтік құқықтық актілердің жобаларына бұрыштама қою.

"Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл" №4 үлгілік базалық бағытты іске асыру.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын сақтау мониторингі.

Басқарманың кадрлық іс қағаздарын жүргізу.

Кадр мәселелері бойынша облыс әкімінің аппаратымен өзара іс-қимыл жасау.

Мемлекеттік-материалдық резерв мәселелерін қарау.

Басқарма басшылығының тапсырмасы бойынша басқа да міндеттер. Бөлім қызметінің бағыттары бойынша басқарманың ресми веб-сайтының беттерін жаңарту. Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін сақтау.

В блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 21.06.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

24.06.2024 – 02.07.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

04.07.2024

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 118 кабинеті

Анықтама алу үшін байланыс

8(7152)50-16-79