«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» КММ-нің басшысы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
688752
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде екі жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Су шаруашылығы
- Ядролық физика
- Машина жасау
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Жылу энергетикасы
- Электр энергетикасы
- Құрылыс
- Инженерлік жүйелер және желілер
- Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
Қосымша талаптар
Тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. «Қазақстан-2050» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Осы лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексін, Қазақстан Республикасының Салық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасы Су кодексі, Қазақстан Республикасы Экология кодексі, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын, «Электр энергетикасы туралы», Электр энергияны пайдалану ережесін, Жылу энергияны пайдалану ережесін. Осы лауазым бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiмдер.
Функционалды міндеттер
- Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысының және Үкіметінің актілері, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі мен Президент Әкімшілігінің тапсырмалары бойынша облыс әкімінің бақыланатын тапсырмаларының қажетті мерзімдерде сапалы және уақтылы орындалуын ұйымдастыруды:
- Сумен жабдықтау және су бұру бөлігінде "Солтүстік Қазақстан облысының аумағын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасы", "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" бағдарламалық құжаттарының іске асырылуына;
- бағдарламалық құжаттарды іске асыру: цифрландыру офисі, Жобалық басқаруды енгізу, "ҚР-ның жасыл экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдаманы" іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау," жаңартылатын энергия көздері", «Солтүстік Қазақстан облысының аумағын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламалары» саласындағы мемлекеттік саясатты, жылумен, энергиямен жабдықтау бөлігінде іске асыру;
Басқарманың мынадай бөлімдерінің жұмысын үйлестіру:
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту,
- әлеуметтік сала объектілерін, тұрғын үйлерді, жылумен жабдықтау объектілерін жылу беру маусымына дайындау және осы мәселе бойынша жоғары тұрған органдарға есеп беру;
- жылу беру маусымының өту барысына, осы кезеңдегі жылумен жабдықтау объектілерінің жұмысына мониторинг жүргізу
- МЖӘ шеңберінде жобаларды іске асыру; экономика және бухгалтерлік есеп бөлімінің, энергетика бөлімінің, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің, құрылыс және өнеркәсіптік қауіпсіздік бөлімінің және сумен жабдықтау және су бұру объектілерін пайдалану мониторингі бөлімінің қызметіне;
- тұрғын үй инспекциялары жүзеге асыратын саладағы өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелерін үйлестіру және мониторингіне; Басқарма сайтын жүргізуге;
- республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын басым бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесіне енгізу үшін жобалар тізбесін қалыптастыруға, инвестициялық жобаларды іске асыру мониторингіне;
- Қазақстан Республикасының, облыс әкімдігінің нормативтік-құқықтық актілерінің жобаларына, сумен жабдықтау және су бұру, құрылыс мәселелері бойынша нормативтік-техникалық құжаттарға ұсыныстар, ескертулер енгізу бойынша; аудандар мен Петропавл қаласы әкімдіктерінің бөлімдерімен жұмыс жасауда, Басқарма қызметінің бағыттары бойынша басқа атқарушы органдармен, кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасауда. Елді мекендерді сумен жабдықтауды жақсарту үшін іс-шаралар бойынша ұсыныстар әзірлейді және осы іс-шараларды бюджеттік және өзге де қаржыландыруға ұсыныстар енгізеді, облыстың су шаруашылығы іс-шаралары жоспарларының орындалуын ұйымдастырады. Энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеуі, тұрғын үй қорын күтіп ұстау, экономикалық сауықтыру және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасын нығайту жөнінде ұсыныстар енгізеді.
Петропавл қаласы және Солтүстік Қазақстан облысы аудандары әкімдіктерінің тиісті қызметтерімен жұмыста өзара іс-қимылды ұйымдастыру. Басқарма Тапсырыс беруші болып табылатын су шаруашылығы мақсатындағы объектілерді салу бойынша жұмыстардың барысы мен ұйымдастырылуына бақылау және мониторинг жүргізу. Жылдық және перспективалық жоспарларды әзірлеу кезінде халықты ауыз сумен жабдықтауды жақсарту бойынша ұсыныстар дайындау.
Құқықтық мәселелерді қарау кезінде сотта және басқа да мемлекеттік мекемелерде белгіленген тәртіппен Басқарманың мүдделерін ұсыну.
Ішкі шаруашылық мәселелері. Азаматтарды жеке және заңды тұлғаларды қабылдауды жүргізу. Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін сақтау.
А блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
S.Kaldybaev@sko.gov.kz
- 22.05.2024
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 116 кабинеті
-
8(7152)50-16-79