«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ-нің басқарма басшысының кәсіптік білім жөніндегі орынбасары

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-О-2 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

441254

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Құқықтану
  • Сәулет
  • Құрылыс

Қосымша талаптар

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.  «Қазақстан-2050» Стратегиясын, ҚР заңдарын «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Баланың құқығы туралы», «Отбасы үлгідегі балалар ауылы», «Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-түзету педагогикалық қолдау көрсету», ҚР Еңбек Кодексін, ҚР Салық Кодексін, ҚР Бюджеттік Кодексін, ҚР «Неке (ерлі-зайыптылар) және отбасы» Кодексін және басқаларын білу. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жұмыс ерекшелігін білгені жөн.

 

Функционалды міндеттер

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызметінің мәселелерін талдау және бағдарлау,  техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру, қайта тіркеу, тарату мәселелері. Облыс колледждерінің қызметіне жалпы басшылық ету, олардың жұмыс жоспарларымен келісу. Тәрбие жұмысы, құқық бұзушылықтар, нашақорлық пен АҚЖТ алдын алу, қосымша білім беру,  білім беру объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуы мәселелері. Денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, ІІД және басқа да мүдделі басқармалар мен қоғамдық ұйымдарымен өзара іс-әрекет жасау. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және кәсіпкерлік, ТЖ, облыстық қорғаныс істері жөніндегі басқармалармен өзара әрекет жасау. Техникалық және кәсіптік білім, білім беруді жаңғырту, қорғаншылық, қамқоршылық және білім берудегі тәрбие жұмысы бөлімдеріне, ОБЖШО, ӨОӘДжАӘД орталықтарына жетекшілік ету.  Әлеуметтік қорғауға заңды құқықтарды сақтау бөлігінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарының сақталуын бақылау. Жетекшілік ететін бағыттары бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша мониторинг және бақылауды жасау. Облыстың білім беру ұйымдарының құрылысы, күрделі және ағымдағы жөндеу мәселелері,  мемлекеттік жекешелік әріптестік (МЖӘ) шеңберінде шарттар жасасуды қамтамасыз ету, МЖӘ шеңберінде міндеттемелердің орындалуын бақылау.  МЖӘ жобаларына конкурстық құжаттама мен бизнес-жоспарлардың сараптамасына қатысу. МЖӘ жобаларын іске асыру процесінде міндеттерді, кепілдіктерді, тәуекелдер мен кірістерді қатысушылар арасында өзара тиімді бөлу жөнінде ұсыныс енгізу. «Концессиялар туралы», «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы» Заңдары аясында  жобаларды іске асырылуына үйлестіру жұмысы және бақылау. Ведомствоға қарасты білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын дамыту және нығайту. Білім беру саласында мемлекет саясатын ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру.

(А блогы)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 13.05.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

14.05.2024 – 16.05.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

20.05.2024

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі 58, 116 каб.

Анықтама алу үшін байланыс

8(7152)34-02-16