«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы» КММ-нің ақпараттандыру және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің басшысы (2024 жылғы 20.06 дейін негізгі қызметшінің жүктілікке және босануға байланысты демалысы кезеңіне)
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
- Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
- Математика және статистика
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (білім беру саласы)
Қосымша талаптар
Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу. Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу: «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңы, «Ақпараттандыру туралы» ҚР Заңы, ҚР Президентінің Жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары мен өкімдері, өзге де нормативтік-құқықтық актілер, нормалар мен қағидалар. Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті көлемде басқа да міндетті білімдер, сондай-ақ мемлекеттік тілді білу.
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен өкімдерін, Үкіметтің, орталық атқарушы органдардың қаулылары мен өкімдерін, облыс әкімдігінің қаулыларын, Солтүстік қазақстан облысы әкімінің шешімдері мен өкімдерін негізге ала отырып, қойылған міндеттерді шешуді жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің Жарлықтарын, Қаулыларын және басқа да актілерін, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласын дамытуға бағытталған орындауын тексеруді жүзеге асырады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында жоспардан тыс бақылау іс-шараларын жүргізу қажеттілігін келіседі. Бөлімге жүктелген міндеттердің уақытылы және сапалы орындалуына дербес жауапты болады. Басқарманың және бөлімнің жұмыс жоспарына енгізілетін мәселелер шеңберін анықтайды, белгіленген іс-шаралардың уақтылы орындалуын бақылайды. Ақпараттандыру және мемлекеттік қызметтер саласындағы өңірлік бағдарламаларды енгізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді ұйымдастырады және іске асырады. Жаңа ақпараттық технологияларды, деректер базасын енгізуді, облыс әкімдігінің ақпараттық инфрақұрылымының дамуын және жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асырады. Жергілікті атқарушы органдарда ақпараттық жүйелердің, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету саласында және электрондық құжат айналымы жүйесінің дамуы мен қолжетімділігі бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Сәулет порталын толтыру бойынша жұмысты үйлестіреді. Өз құзыреті шегінде техникалық-экономикалық негіздемелерді, «цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы шеңберінде бюджеттік инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өзге де цифрлық жобаларды әзірлеуге және келісуге қатысады. Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік органдарын ақпараттандыру процестерін қалыптастыру жөніндегі жұмысты үйлестіруді жүзеге асырады. Мемлекеттік органдардың реинжинирингі мақсатында бизнес-үдерістері мен функцияларына талдау жүргізеді. Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру бойынша іс-шараларды ұйымдастырады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ-пен өзара іс-қимыл жасайды. Мемлекеттік корпорациямен бірлесіп, Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша семинар-кеңестердің кестесін әзірлеуге қатысады. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша аудандар, Петропавл қаласы әкімдіктері қызметінің негізгі көрсеткіштерін әзірлеуге қатысады. «Мемлекеттік қызмет көрсету» және «ақпараттық технологияларды қолдану» бағыттары бойынша қызметтің тиімділігін бағалау шеңберінде өткізілетін іс-шаралардың уақтылығы мен сапасын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік орган ішінде де, облыс бойынша да электрондық мемлекеттік қызметтерді танымал етуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастырады. Өз құзыреті шегінде іс қағаздарын жүргізуді жүзеге асырады. Ақпараттық қауіпсіздік саясаты талаптарының орындалуын сақтайды.
(А блогы)
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
t.lastovets@sko.gov.kz
- 16.05.2024
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі 58, 116 кабинеті
-
8(7152)34-02-16