«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» КММ сауданы және туризмді дамыту бөлімінің бас маманы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
- Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
- Инженерия және инженерлік іс
- Өндірістік және өңдеу салалары
- Агрономия
- Мал шаруашылығы
- Жерге орналастыру
- Қызмет көрсету саласы
- География
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Әлемдік экономика
- Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
- Экология
- Стандарттау, сертификаттау және метрология
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
Қосымша талаптар
Тиісті санаттың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу,
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білу,
Осы санаттың нақты лауазымын мамандандыруға сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының мынадай нормативтік құқықтық актілерін білу: Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі, Қазақстан Республикасының Əкімшілік рəсімдік-процестік кодексі, «Оңалту және банкроттық туралы», «Сауда қызметін реттеу туралы», «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы», «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары, Қазақстанның ҚР Президентінің Жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары мен өкімдері, өзге де нормативтік-құқықтық актілер, нормалар және қағидалар;
функционалдық міндеттерді орындау үшін қажет басқа да міндетті білімді, сондай-ақ қажет көлемде мемлекеттік тілді білу.
Функционалды міндеттер
Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарын, ішкі сауданы дамыту бөлігінде өңірлік бағдарламаларды әзірлеуге қатысу. Оларды орындау бойынша ақпарат дайындау.
Ішкі сауданың дамуына талдау жасау.
Сауда қызметі саласындағы реттеу мәселелері бойынша аудандар мен облыстық маңызы бар қаланың кәсіпкерлік бөлімдерімен өзара іс – қимыл жасау және бөлшек және көтерме сауда бағаларына, өндіруші кәсіпорындардың негізгі тамақ өнімдеріне, олардың қорларына босату бағаларына мониторингті жүзеге асыру.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту жөніндегі ұсыныстарды есептеуді жүзеге асыру және уәкілетті органға ұсыну.
Өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді қолдау мақсатында консультациялық көмек көрсету.
Азық-түлік тауарларына баға жағдайы туралы талдамалық ақпарат дайындау.
Қауіпсіздік пен сапа талаптарына жауап беретін өнімді тұтыну нарығында өткізуді, сондай-ақ сәйкестігі міндетті расталуға жататын сертификатталған өнімді өткізуді қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа қатысу.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыруға қатысу және бекітілген бағаларды бақылауды жүзеге асыру. Жанар-жағармай материалдарының және олардың қорларының түсуін мониторингілеу.
Солтүстік Қазақстан облысының облыстық Сауда және тамақтандыру қызметінің, азаматтық қорғаудың жанар-жағармай материалдарының жұмысын ұйымдастыру.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру.
Солтүстік Қазақстан облысында азық-түлік тауарларына баға қалыптасудың барлық тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі өңірлік комиссия жұмысын ұйымдастыруға қатысу.
Азаматтық қорғау бойынша командалық-штабтық оқу-жаттығуларды өткізуге қатысу.
Облыс аумағында туристік қызмет саласында үйлестіруді жүзеге асыру.
Туризмді дамытудың өңірлік бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу.
ҚР туристік саласын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру.
2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде туризм саласындағы тармақтарды іске асыру.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің инвестициялық жобаларын сүйемелдеу және консультациялық көмек көрсету. Оларды іске асыру барысына мониторингті жүзеге асыру.
Туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіру.
Облыс аумағында туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізілімі; туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін ақпаратты қалыптастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру және тоқсан сайын уәкілетті органға беру.
Туристік қызметтер нарығына талдау жүргізу және уәкілетті органға облыс аумағында туризмді дамыту туралы ақпарат беру.
Туристік қызмет субъектілеріне туристік қызметті ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультативтік көмек көрсету.
Коммерциялық және әлеуметтік туризмді, туристік инфрақұрылымды, демалыс аймақтары мен табиғи-қорғау аймақтарын дамыту жөніндегі жобаларды сүйемелдеу.
Өңірлік және республикалық көрмелерде өңірдің туристік инфрақұрылымын таныстыру үшін ақпараттық және әдістемелік материалдар әзірлеу.
Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері үшін облыс аумағында ақпараттық-консультациялық, таныстыру-көрме іс-шараларын өткізу, олардың республика аумағында және одан тыс жерлерде форумдарға, конференцияларға, слеттерге, фестивальдарға, көрмелерге қатысуын ұйымдастыру.
Облыстық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлеуге және енгізуге қатысу.
Туристер бірлестіктерінің қызметіне және дербес туризмді дамытуға жәрдем көрсету.
Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру.
Е-лицензиялау порталы арқылы туроператорлық қызметке лицензия алуға жеке және заңды тұлғалардан құжаттар қабылдауды жүргізу.
Облыс аумағында лицензияланатын қызмет түрінің жай-күйіне мониторинг жүргізу.
Лицензиялар тізілімін және лицензиялар беру журналын жүргізу.
Заңнамада белгіленген тәртіппен лицензиаттардың лицензиялық ережелерді сақтауына мониторингті жүзеге асыру.
Орталық және жергілікті атқарушы органдардың тапсырмаларын, Бөлім құзыретіне қатысты мәселелер бойынша кеңестердің республикалық және облыстық хаттамаларын орындау бойынша ақпарат дайындау.
Мекемелердің, ұйымдардың сұранысы бойынша ақпарат дайындау.
Бөлім қызметінің бағыттары бойынша шағым-талап-арыз жұмыстарын жүргізуге қатысу, соның ішінде материалдар дайындау және бас маман-заңгермен бірлесе сотта мүддені ұсыну.
Функционалдық міндеттерге жататын мәселелер бойынша облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімі шешімдерінің, өкімдерінің жобаларын дайындауға қатысу.
Кәсіпорындардың көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысуын ұйымдастыру.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеу, олар бойынша уақытылы және сапалы жауап дайындау.
Бөлімнің іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру.
А функционалдық блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
S.Kaldybaev@sko.gov.kz
- 10.05.2024
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 116 кабинеті
-
8(7152)50-16-79