«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» КММ ономастикалық жұмыс және архив ісі бөлімінің бас маманы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
- Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
- Тілдер және әдебиет
- Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
- Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
Қосымша талаптар
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу: «Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу; осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу, осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер («Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы», «Жарнама туралы»).
Функционалды міндеттер
-Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көзделген мақсат-міндеттерді іске асыру;
-тілдерді дамыту саласында бірыңғай мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету;
-облыстағы ономастикалық жұмыстарды үйлестіру;
-жаңа ономастикалық атауларды пайдалануды ілгерілету;
-ономастикалық жұмыстарды жүргізу барысында шешімдер қабылдау үрдісіне бұқаралық ақпарат құралдарын және азаматтық қоғам институттарын кеңінен тарту;-облыстық ономастика комиссиясының қызметін қамтамасыз ету;
-ономастикалық объектілердің атауларын реттеу мәселелері бойынша материалдар дайындауды жүзеге асыру;
-бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер, өкімдер, әкім актілері жобаларын дайындауға және талдауға, тұжырымдамалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;
-тілдерді дамыту, ономастикалық жұмыс және көрнекі ақпарат, мұрағат ісі мәселелері жөніндегі басқарма жанындағы алқада қаралатын мәселелер бойынша ақпарат дайындау;
-қалалық, аудандық әкімдіктерге, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға, мекемелер мен кәсіпорындарға заң талаптарына сәйкес келтіру мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсету;
-бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аналитикалық баяндамалар, түрлі есептер дайындауды жүзеге асыру;
-көрнекі ақпараттың, ресми деректемелердің және жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік тілдегі жарнамаларының мәтіндерін келісу;
-Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік органдарымен, кәсіпкерлер палатасымен, жарнамалық агенттіктермен және полиграфиялық қызмет көрсететін кәсіпорындармен тіл заңнамасын іске асыру, көрнекі ақпарат пен жарнамалық өнімді ресімдеу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
-ұлты қазақ адамдардың тегін, атын, әкесінің атын жазуда қазақ әдеби тілінің нормаларына сәйкестігі және олардың орыс тілінде берілуі туралы қорытынды дайындау;
-мемлекеттік және орыс тілдерінде деректемелер мен көрнекі ақпаратты рәсімдеуде жеке және заңды тұлғаларға әдістемелік көмек көрсету бойынша рейдтік және басқа да іс-шараларға қатысу;
-тіл заңнамасын бұзу фактілері бойынша әр түрлі жедел әрекет ету шараларын жүзеге асыру;
-Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасында белгіленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар береді, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде және тәртіппен әкімшілік ықпал ету шараларын қолданады;
-кеңестерде ілеспе аударма жұмысын қамтамасыз ету;
-«Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде жұмысты қамтамасыз ету;
-тілдерді дамыту және ономастика салаларында БАҚ-пен жұмысты жүзеге асыру;
-БАҚ өкілдерінің қатысуымен болатын баспасөз конференцияларында, түрлі форумдарда спикерлердің сөйлейтін сөздерін дайындау;
-өңірлік терминологиялық секцияның жұмысын үйлестіру және республикалық терминологиялық комиссияға ұсыныстар беру;
-сала бойынша облыстық (өңірлік) конкурстар және басқа да іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
-аудандық және қалалық бөлімдердегі мамандарға арналған ономастика бағытындағы түрлі әдістемелік нұсқаулықтар, тақырыптық журналдар мен кітапшалардың материалдарын әзірлеп, редакциялау жұмысын іске асыру;
-өз құзіреті шеңберінде басшылықтың тапсырмаларын орындау.
А блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ai.sharipova@sko.gov.kz
- 29.04.2024
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі,58 116 каб.
-
8(715-2)504497