«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ-нің білім беруді жаңғырту бөлімінің МЖӘ жобаларын іске асыру бойынша бас маманы

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-О-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

243700

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Сәулет
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Құрылыс
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлердің тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу. Қазақстан-2050 Стратегиясын, «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы»  ҚР заңдарын, ҚР Еңбек Кодексін және басқаларын білу.

Функционалды міндеттер

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) жобаларын дайындау және іске асыру, МЖӘ шарттарын жасасу, орындау және тоқтату. МЖӘ жобаларын іске асыру бойынша материалдар дайындау. Инвестициялық ұсыныс, салалық қорытынды, техникалық тапсырма жасау.  Инвестициялық ұсыныс жобасына заңды қорытынды дайындау. Сараптама, экономикалық қорытынды алуға құжаттарды дайындау. МЖӘ жобасын іске асыруды құқықтық сүйемелдеу. Іске асырылған және жоспарланған МЖӘ жобалары бойынша ай сайынғы есептілікті жасау және қалыптастыру.  Білім беру саласындағы салалық бағдарламаларды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуге қатысу, оларды материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлігінде іске асыру бойынша есептілікті жүргізу. Мемлекет саясатын білім беру жүйесінің мекемелеріне жеткізу. Материалдық-техникалық жабдықтау бойынша облыстық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар бойынша есептер жасау. Жобалық басқарма инвестицияларын тарту жөніндегі егжей-тегжейлі жоспардың нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштерін орындау. Инвестициялар бойынша бюджет қаражатын игеру жөніндегі Кешенді жоспардың орындалу есебі.  «Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы»АҚ-мен ынтымақтастық. Жетекшілік ететін бағыттар бойынша, бөлім мәселелері бойынша кіріс және шығыс хат-хабарлармен есеп жасау. Білім басқармасының ресми сайтында материалдарды дайындау және орналастыру. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша ақпараттық-талдау анықтамасын дайындау. Істердің ведомстволық мұрағатқа берілуін бақылау. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша басқарманың стратегиялық, операциялық жоспарын іске асыру. ҚР Президентінің Жарлықтарын, ҚР Үкіметінің қаулыларын, әкімдік қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері мен тапсырмаларын, басқарма басшысының, басқарма басшысының жетекшілік ететін орынбасарының тапсырмаларын орындау.

(В блогы)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 10.04.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

11.04.2024 – 19.04.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

23.04.2024

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі 58, 116 каб.

Анықтама алу үшін байланыс

8(7152)34-02-16