«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» КММ-сі әкімшілік бөлімінің бас маманы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
243700
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Экономика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
Қосымша талаптар
Осы санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының Заңнамасын, «Қазақстан-2050» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін білу.
Функционалды міндеттер
Басқарма жеке құрамының есебін жүргізеді, басқарма басшысының бұйрықтарымен қызметкерлерді қабылдауды, жұмыстан босатуды ресімдейді; жеке құрам, негізгі қызмет бойынша бұйрықтардың жобаларын дайындайды; қызметкерлердің жеке істерін жүргізеді, жеке істердің сақталуына жеке жауапкершілікте болады; келесі демалыстың кестесін жасайды; басқарма қызметкерлерінің еңбек кітапшаларының сақталуына жеке жауапкершілікте болады; басқарудың уақыт кестесін жүргізеді; Қорғаныс істері жөніндегі бөліммен жұмыс жүргізеді (әскери міндеттілер мен бөлімнің мерзімді әскери қызметшілерінің есебін жүргізеді, жеке Т-2 карточкаларына есепке алуды жүргізеді, әскери есепке алу бланкілерін, әскери билеттерді және жеке билеттерді тапсыру есебін сақтайды және толтырады), әскери есепке алу бойынша жұмыс жоспарын, брондау есептерін жасайды); Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді, тоқсан сайын басқарма қызметкерлерін «ҚР МКҚК АЖ» АЖ-да әкімшілік құқық бұзушылық фактілері бойынша тексереді, 4 типтік негізгі бағыт бағыты бойынша жұмыс жасайды, «Easy Project» АЖ-ға мәліметтерді енгізеді жобасы. Аппараттық жиналыстың хаттамаларын жүргізеді және оның орындалуын қадағалайды. Басқарма қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасының Заңнамалық мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу кестесін әзірлейді. Бөлім басшысы жүктеген басқа да тапсырмаларды орындайды. Өзіне-өзі қызмет көрсету тұрғысынан «Е-қызмет» жүйесінде жұмыс істейді. Бөлім басшысының басқа да тапсырмаларын орындайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталмағаны, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің Әдеп кодексі нормаларының мүлтіксіз сақталуы үшін дербес жауапты болады.
В функционалдық блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
zhgabbasova@sqo.gov.kz
- 03.04.2024
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 116 кабинеті
-
87152340216