«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» КММ мемлекеттік қызмет көрсету және ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-О-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

210086

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Информатика
  • Ақпараттық жүйелер

Қосымша талаптар

1. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тиісті санат бойынша тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.

2. «Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын,ҚР әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін,«Ақпараттандыру туралы», «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңдарын, Мемлекеттік органдардың электрондық құжатайналымы қағидаларын, «Қазақстан Республикасында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын басшылыққа алады.

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен әзірленген базаларға мониторинг жүргізеді; басқармада және ведомстволық бағыныстағы медициналық мекемелерде жаңа ақпараттық технологияларды енгізіп, деректер базасын жүзеге асырады; басқарма мен аудандық (қалалаық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері мен халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін функциялар мен мемлекеттік қызметтерді кейіннен автоматтандыру мүмкіндігіне талдау жасайды; цифровизациялау және ақпараттандыру саласындағы Жол карталарының орындалуына мониторинг жүргізеді; басқарманың ғаламтор-ресурсына материалдар дайындайды; операциялық жүйелерді, мәтіндік редакторларды, аспаптық бағдарламаларды инсталляциялайды; дербес компьютерлер мен ұйымдастыру техникасының барлық жинақтаушы құрылғыларына техникалық қызмет көрсетеді; дербес компьютерлерге жинақтаушыларды сатып алу бойынша ұсыныстар енгізеді және оларды ауыстырады, басқарма бөлімдеріне бекітілген дербес компьютерлерді бағдарламалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады; дербес компьютерде жұмыс істегенде стандартты емес (жаңылыс) жағдайлар туындаған кезде практикалық көмек көрсетеді; бөлімдердегі жергілікті желіге техникалық қызмет көрсетеді; әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру бойынша жобаларды іске асыру мониторингін жүзеге асырады, ақпараттық қауіпсіздік бойынша жұмыс жүргізеді, әртүрлі диаграммаларды, слайдтарды, тұсаукесерлерді әзірлеуге қатысады, аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне, жұмыспен қамту орталықтарына ақпараттық жүйелердегі жұмыс бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді.  Медиа-жоспардың орындалуына мониторинг жүргізеді және «Ашық үкімет» порталына ақпарат жариялайды.

С блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 24.01.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

25.01.2024 – 02.02.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

06.02.2024

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 116 каб.

Анықтама алу үшін байланыс

8(7152)50-44-97