«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» КММ басшысының орынбасары
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
441254
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Экономика
- Ядролық физика
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Жылу энергетикасы
- Электр энергетикасы
- Құрылыс
- Қаржы
- Инженерлік жүйелер және желілер
- Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- Бухгалтерлік есеп және аудит
Қосымша талаптар
Тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. «Қазақстан-2050» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Осы лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексін, Қазақстан Республикасының Салық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасы Су кодексі, Қазақстан Республикасы Экология кодексі, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын, «Электр энергетикасы туралы», Электр энергияны пайдалану ережесін, Жылу энергияны пайдалану ережесін. Осы лауазым бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiмдер.
Функционалды міндеттер
Жалпы басшылық пен бақылауды жүзеге асырады:
- Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысының және Үкіметінің актілері, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі мен Президент Әкімшілігінің тапсырмалары бойынша облыс әкімінің бақыланатын тапсырмаларының қажетті мерзімдерде сапалы және уақтылы орындалуын ұйымдастыруды:
бағдарламалық құжаттарды іске асыру: цифрландыру офисі, Жобалық басқаруды енгізу, "ҚР-ның жасыл экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдаманы" іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау," жаңартылатын энергия көздері", «Солтүстік Қазақстан облысының аумағын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламалары» саласындағы мемлекеттік саясатты, жылумен, энергиямен жабдықтау бөлігінде іске асыру;
Басқарманың мынадай бөлімдерінің жұмысын үйлестіру: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту, әлеуметтік сала объектілерін, тұрғын үйлерді, жылумен жабдықтау объектілерін жылу беру маусымына дайындау және осы мәселе бойынша жоғары тұрған органдарға есеп беру;
жылу беру маусымының өту барысына, осы кезеңдегі жылумен жабдықтау объектілерінің жұмысына мониторинг жүргізу; МЖӘ шеңберінде жобаларды іске асыру; энергетика, газбен жабдықтау, жылумен жабдықтау және өнеркәсіптік қауіпсіздікті дамыту бөлімі, тұрғын үй қатынастары, жылумен жабдықтау объектілерін пайдалану және аумақтарды абаттандыру бөлімінің қызметіне; тұрғын үй инспекциялары жүзеге асыратын саладағы өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелерін үйлестіру және мониторингіне; Басқарма сайтын жүргізуге; республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын басым бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесіне енгізу үшін жобалар тізбесін қалыптастыруға, инвестициялық жобаларды іске асыру мониторингіне; аудандар мен Петропавл қаласы әкімдіктерінің бөлімдерімен жұмыс жасауда, Басқарма қызметінің бағыттары бойынша басқа атқарушы органдармен, кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасау.
Энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеуі, тұрғын үй қорын күтіп ұстау, экономикалық сауықтыру және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасын нығайту жөнінде ұсыныстар енгізеді.
Қала және аудандар әкімінің тиісті қызметтерімен жұмыста өзара іс-қимылды ұйымдастыру.
"Қазынашылық-Клиент"АЖ арқылы төлемдерді жүзеге асыру үшін төлем құжаттарының сапалы және уақтылы енгізілуін және дұрыс ресімделуін, шарттық міндеттемелерді тіркеуді және деректердің енгізілуін бақылауды жүзеге асырады;
бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылауды және бюджетке төлемдерді дұрыс, уақтылы есептеу мен аударуды жүзеге асырады; Басқарманың қызметі бойынша статистикалық есептердің жасалуын бақылауды жүзеге асырады;
бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну қағидаларында белгіленген көлемде және нысандар бойынша ДЗ-Б, ДЗ-П нысаны бойынша кредиторлық берешек туралы, мемлекеттік мекемелер балансының есептік баптары бойынша дебиторлық берешектің жай-күйі туралы талдамалық деректер бойынша дебиторлық берешек туралы ай сайынғы есептердің жасалуын бақылау жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер балансының есептік баптары бойынша кредиторлық берешектің жай-күйі туралы талдамалық деректер, дебиторлық және кредиторлық берешектің пайда болу себептері туралы ақпарат;
Құқықтық мәселелерді қарау кезінде сотта және басқа да мемлекеттік мекемелерде белгіленген тәртіппен Басқарманың мүдделерін ұсыну.
Басқарманың заң жұмысын жүргізу, сондай-ақ сот және өзге де мемлекеттік органдарда басқарманың мүдделерін білдіру.
Ішкі шаруашылық мәселелері. Азаматтарды жеке және заңды тұлғаларды қабылдауды жүргізу. Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін сақтау.
А блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
S.Kaldybaev@sko.gov.kz
- 24.01.2024
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 116 кабинеті
-
8(7152)50-44-97