"Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" КММ-cі азаматтар өтініштерін қарауды бақылау бөлімінің жетекші маманы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
210087
Жалпы біліктілік талаптары
D-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Тілдер және әдебиет
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Аударма ісі
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
- Кітапхана ісі
- Қаржы
Қосымша талаптар
- Тиісті санатқа арналған әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасында қарастырылған Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі, Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
2 «Қазақстан Республикасында тіл туралы» Заңды, іс жүргізу бойынша нұсқаулықты білу.
Ортадан кейінгі «бизнес, басқару және құқық» (құқықтану, экономист, менеджмент, қаржы, банк және сақтандыру ісі), немесе «білім беру» (орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, шетел тілі мұғалімі, физика мұғалімі, математика мұғалімі, негізгі мектептің информатика пәнінің мұғалімі), немесе «өнер және гуманитарлық ғылымдар» (гуманитарлық ғылымдар (аударма ісі (түрлері бойынша)) бейіндері бойынша рұқсат етіледі.
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және Үкіметінің, облыс басшылығының актілері мен тапсырмаларының уақытылы орындалуын қамтамасыз етеді.
«БҚА», «е-Otinish» ақпараттық жүйелерінде жеке және заңды тұлғалардың ауызша және жазбаша өтініштерін қабылдау, тіркеу және есепке алу бойынша жұмысты жүргізеді, олардың орындалу мерзімдерін бақылауды жүзеге асырады, қосымша мәліметтер сұратады.
Мәселенің сипатын анықтайды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін бөледі және оларды қарау және жауап беру үшін облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелеріне, басқа да мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға жібереді.
Өз құзыреті шеңберінде облыс әкімінің аппаратында, облыстық, қалалық, аудандық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдарда жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу және есепке алу бөлігінде іс жүргізудің жай-күйін тексеруді жүзеге асырады.
Өтініштерді қарау шеңберінде берілген басшылықтың тапсырмаларын уақытылы және толық іске асыру бойынша шаралар қабылдайды.
Мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғаммен, құқық қорғау блогының қоғамдық қабылдау бөлмелерімен - прокуратура органдарының, Ішкі істер министрлігінің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің аумақтық бөлімшелерімен жеке және заңды тұлғалардың ауызша және жазбаша өтініштерімен жұмыс мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды.
Облыс әкімінің «Ашық диалог», «Халық бақылауы» порталының блог-платформасына және сенім телефонына келіп түсетін өтініштерді есепке алу және оларға жауап беру бойынша тікелей жұмысты жүзеге асырады.
Бөлім құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғаларға консультативтік көмек көрсетеді.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бөлігінде басшылыққа алу үшін баяндамалар мен талдамалық жазбалардың жобаларын дайындайды.
Облыс басшылығына нақты өтініштер бойынша тапсырмаларды орындау мониторингінің нәтижелері жөніндегі қорытындылар, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне, прокуратура органдарының бөлімшелеріне жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жиынтық есептер дайындайды.
Заңнамада белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды және олар бойынша тиісті шаралар қабылдайды.
Мемлекеттік органдарға өтініштерді есепке алу, тіркеу, сондай-ақ қарау мәселелері бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік және ақпараттық көмек көрсетеді.
Өз құзыреті шегінде облыс әкімінің аппаратында, басқармаларда және қалалар мен аудандар әкімдерінің аппараттарында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу және есепке алу бөлігінде іс жүргізудің жай-күйін тексеруді жүзеге асырады.
Бөлімнің құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ағымдағы іс жүргізуді және есепке алуды ұйымдастыруға жауапты болады.
В блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
l.zhukenova@sko.gov.kz
- 27.12.2023
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі,58 116 кабинеті
-
87152340216