«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы» КММ-нің ақпараттандыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметке мониторинг жасау бөлімі бас маманы

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-О-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
  • Математика және статистика
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Қосымша талаптар

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу.

Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу: «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңы, ҚР Президентінің Жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары мен өкімдері, өзге де нормативтік-құқықтық актілер, нормалар мен қағидалар.

Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті көлемде басқа да міндетті білімдер, сондай-ақ мемлекеттік тілді білу.

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен өкімдерін, Үкіметтің, орталық атқарушы органдардың қаулылары мен өкімдерін, облыс әкімдігінің қаулыларын, Солтүстік қазақстан облысы әкімінің шешімдері мен өкімдерін негізге ала отырып, қойылған міндеттерді шешуді жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің Жарлықтарын, Қаулыларын және басқа да актілерін, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласын дамытуға бағытталған орындауын тексеруді жүзеге асырады. Бақылау іс-шараларының жоспарын әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етеді. Өңірлер қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша іс-шаралардың кешенді жоспарын әзірлеуді және орындауды қамтамасыз етеді. Көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау шеңберінде жұмысты жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызмет көрсететін жергілікті атқарушы органдар ұсынатын есептік ақпараттың жинақталуын қамтамасыз етеді.

Жергілікті атқарушы органдарда және ведомстволық бағынысты ұйымдарда бақылау іс-шараларын жүргізу мақсатында шығуды жүзеге асырады. Тиісті ақпараттық жүйелердің жұмыс қабілеттілігі мәніне «электрондық үкімет» порталында электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігіне талдау жүргізеді.

Ақпараттық жүйелер арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдеріне мониторинг жүргізеді. Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты жергілікті атқарушы органдарға әдіснамалық көмекті жүзеге асырады. Қажет болған жағдайда Е-лицензиялау АЖ-ға «басшы», «орындаушы» рөлін қосу, жұмыстан босатылған немесе демалыс жағдайында пайдаланушының деректерін өзгерту бөлігінде өзгерістер енгізеді.

Мемлекеттік корпорациямен бірлесіп, Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша семинар-кеңестердің кестесін әзірлеуге қатысады. «Электрондық үкімет» порталында жариялау үшін мемлекеттік қызметтер бойынша жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін уақтылы жолдауды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша жұмыс жүргізеді. Солтүстік Қазақстан облысының Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңестерін өткізуге материалдар дайындайды. Өз құзыреті шегінде Бөлім жұмысына қажетті НҚА әзірлейді. «Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты бойынша тиімділікті бағалау нәтижелерін жақсарту бойынша жұмысты жүзеге асырады. Мемлекеттік орган ішінде де, облыс бойынша да электрондық мемлекеттік қызметтерді танымал етуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастырады. Ақпараттық қауіпсіздік саясаты талаптарының орындалуын сақтайды.

А блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 08.12.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

11.12.2023 – 20.12.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20МВ

Сұхбаттасу күні

22.12.2023

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі 58, 116 кабинеті

Анықтама алу үшін байланыс

8(7152)34-02-16