Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің құрылыс, экономика және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
512003
Жалпы біліктілік талаптары
Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Математика және статистика
- Сәулет және құрылыс
- Экономика
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Материал тану және жаңа материалдар технологиясы
- Машина жасау
- Аспап жасау
- Қаржы
Қосымша талаптар
|
1) Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың тестілеу бағдарламасымен анықталған сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу. 2) «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу. 3) Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу. |
Функционалды міндеттер
Жергілікті атқарушы органдардың және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық құрылымдарының экономикалық даму, аудан бюджетін нақтылау, қалыптастыру және орындау, қаржы, салық саясаты, экономикалық жоспарлау және бюджет пен бюджетаралық қатынастарды дамыту, коммуналдық меншік және жекешелендіру, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау сұрақтары бойынша қызметін үйлестіру. Шағын кәсіпкерлікті, өнеркәсіпті, сауданы, ауылдық аумақтарды кешенді дамытуды қолдау және дамыту сұрақтары. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру, жалақыны арттыру, бюджеттің кіріс бөлігін толықтыру, экономиканың нақты секторында жалақы борышын өтеу сұрақтарына жетекшілік етеді. Жетекшілік ететін салалары бойынша жоғары тұрған органдармен өзара іс-әрекет етеді. Өндірістік саланы дамыту, коммуналдық меншік және әлеуметтік-мәдени тағайындау объектілер, коммуналдық желілер және нысандар құрылысы, су құбырлары және ауданның басқа инженерлік және көлік инфрақұрылым объектілер құрылысы және пайдаланылуы, аудандық маңызы бар жолдарды күтіп ұстау және пайдалану, абаттандыру сұрақтарымен айналысады. Жаңа салынған, қайта жаңартылған, нысаналы тағайындау өзгертілген объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі аудандық комиссия жұмысын ұйымдастырады. Сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің, экономика және қаржы бөлімінің, кәсіпкерлік бөлімінің жұмысына басшылық етеді. Авариялар, апаттар мен стихиялық апаттардың салдарын жою (сумен және электр қуатымен қамтамасыз ету) жөніндегі іс-шаралар жоспарын, бейбіт және әскери уақытта ауданның Азаматтық қорғау жоспарын әзірлеуді, жұмылдыру даярлығы бойынша жұмысты бақылау. Облыстық, сонымен қатар аудандық деңгейде өткізілетін мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерін жалпы бақылау. Мамлют ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасымен; Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің аудандық қазынашылық басқармасымен; Мамлют ауданы бойынша статистика басқармасымен; Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясымен; Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ревизиялық комиссиямен; Халық банкінің аудандық филиалымен өзара байланысты іске асырады. Аудандық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін үйлестіреді. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредитациялауға; кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптау кеңесінің дербес құрамына жетекшілік етеді. Функционалдық міндеттен шығатын абаттандыру, көшелердің қызметі, жол жабынын күрделі және ағымдағы жөндеу, санитариялық тазарту, көгалдандыру бойынша жұмыстың орындалуын бақылауды іске асырады. ҚР Президенті, ҚР Парламенті, ҚР Үкіметінің құқықтық актілерінің, облыс әкімі, жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша актілердің орындалуын бақылайды. Азаматтардың жазбаша және ауызша өтініштерін қарастырады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша бөлімдердің қызметін бақылайды және үйлестіреді. Аудандық бюджеттік комиссия, бағалар және тарифтердің өсуін тұрақтандыру жөніндегі штабтың, жалақы бойынша борышты жабу, аударылған зейнетақы, әлеуметтік төлемдерді, міндетті медициналық сақтандыруға есептеулер және жарналарды өз уақытында есептеу мәселелері жөніндегі штабтың жұмысын ұйымдастырады. «Е-Қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйемен жұмыс істейді. Аудан әкімінің орынбасарлары жоқ кезінде олардың орнын ауыстырады.
(А блогы)
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
t.lastovets@sko.gov.kz
- 17.11.2023
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі 58, 116 кабинеті
-
8(7152)34-02-16