«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» КММ ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу және маркетинг бөлімінің басшысы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
- Агрономия
- Мал шаруашылығы
- Жерге орналастыру
- Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
- Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
Қосымша талаптар
Тиісті санат үшін бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен қарастырылған Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн; осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді білу («Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін, «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы», «Қоғамдық кеңестер туралы», облысты дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған жоспарын, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын).
Функционалды міндеттер
Лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес берілген құқықтар шегінде бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, қызметтің негізгі бағыттарын, нысандары мен әдістерін айқындайды.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне баға мониторингіне жауап береді.
Облыс орталығының базарларында аудандардың апта сайынғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін, көрмелерді өткізуді ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Басқарма басшылығының, жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын орындау кезінде мерзімдердің сақталуын, азаматтардың өтініштерін уақытылы және дұрыс қаралуын бақылайды, бөлімдегі іс жүргізудің жай-күйін бақылайды.
Басқарманың веб-сайтында жетекшілік ететін мәселелер бойынша материалдарды жаңарту үшін ақпарат ұсынуды бақылайды.
Кеңестер өткізу үшін материалдар дайындайды.
А блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.sultangalieva@sko.gov.kz
- 10.11.2023
- Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі,58 115 каб.
-
8(715-2)504497