«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» КММ әкімшілік-құқық бөлімінің бас маманы-заңгері

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-О-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

243700

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Құқық

Қосымша талаптар

Тиісті санат үшін бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен қарастырылған Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн; осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді білу («Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін, «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы», «Қоғамдық кеңестер туралы», облысты дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған жоспарын, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын, Қазақстан Республикасының Жер кодексін).

Функционалды міндеттер

Басқармада құқықтық жұмыс жүргізуді қамтамасыз етеді. Әкімдіктің қаулыларының, өкімдерінің және басқа да актілерінің жобаларын әзірлеуге қатысады. Басқарманың құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша түсініктемелер дайындайды.   Басқарма қызметкерлері үшін жалпыға бірдей құқықтық оқыту өткізуді ұйымдастырады. Басқарманың қызметін тексеру қорытындылары бойынша келіспеушіліктерді, өзге де нормативтік құжаттарды (қажеттілік бойынша) жасауға қатысады. Басқарма әзірлеуші болып табылатын нормативтік құқықтық актілер бойынша мониторинг жүргізеді. Прокуратура органдарына шағым - талап жұмысын жүзеге асырады, талап арыздарды жасайды, жібереді, апелляциялық және қадағалау шағымдарын, өтінішхаттарды дайындайды. Сот органдарына қатысады. Бөлімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жұмыс жүргізуді ұйымдастыру. Заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда, барлық сот сатыларында басқарманың пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөнінде уақтылы шаралар қабылдайды.

В блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 30.10.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

31.10.2023 – 08.11.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

10.11.2023

Сұхбаттасу орны

Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі,58 115 каб.

Анықтама алу үшін байланыс

8(715-2)504497