«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ-сі қаржыландыру және бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Қосымша талаптар
Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн; осы санаттағы лауазым бойынша функционалдық міндеттерін орындауға қажетті басқа да міндетті білімдерді білу. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті» білу.
Функционалды міндеттер
Бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру. Материалдық және бюджет қаражатының ұтымды әрі тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді. Басқармада бухгалтерлік есептің жүргізілуін жүзеге асырады, ведомстволық бағынысты ұйымдардың жылдық қаржылық есептілігін қабылдайды. Бухгалтерлік есеп және есептілік мәселелері бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін үйлестіреді және консультативтік-әдістемелік көмек көрсетеді. Ведомстволық бағынысты ұйымдар ұсынған негізгі құралдарды есептен шығаруға арналған құжаттарды қарауды жүзеге асырады. Ведомстволық бағынысты ұйымдардың бухгалтерлік қызметтері қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті ұсынымдар береді, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларынан мүліктің сақталуын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есепті ұйымдастыру бойынша шаралар қолдануды талап етеді. Бухгалтерлік құжаттардың, есептер мен баланстардың сақталуын және пайдаланылуын ұйымдастырады. Қаржылық-шаруашылық қызметін талдауды жүзеге асырады, мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етеді. Жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасына арналған ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша көрсетілетін қызметтерді, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды, ветеринариялық паспортты дайындау, жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасына арналған ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы, тасымалдау (жеткізу) бойынша көрсетілетін қызметтерді, жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізуге арналған ветеринариялық препараттарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады. Статистикалық, бухгалтерлік және өзге де есептерді құрастырып, белгіленген мерзімде тиісті органдарға ұсынады. Қаржылық құжаттарға екінші қол қою құқығы бар.
В функционалдық блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
zhgabbasova@sqo.gov.kz
- 08.11.2023
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 116 кабинеті
-
87152340216