«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» КММ басшысының орынбасары

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-О-2 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

441254

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
  • Қоршаған орта
  • Агрономия
  • Мал шаруашылығы
  • Жерге орналастыру
  • Агроинженерия
  • Автоматтандыру және басқару
  • Машина жасау
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар

Қосымша талаптар

Тиісті санат үшін бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен қарастырылған Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн; осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді білу («Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін, «Қоғамдық кеңестер туралы», облысты дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған жоспарын, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын), Қазақстан Республикасының Жер кодексін.

Функционалды міндеттер

Инженерлік-техникалық инфрақұрылым және мемлекеттік техникалық инспекция бөлімінің, агрономия бөлімінің, мемлекеттік тұқым инспекциясы бөлімінің, мемлекеттік астық инспекциясы бөлімінің, жерді есепке алу, жер учаскелерін беру және алу бөлімінің, жерге орналастыру, жерді пайдалануды болжау бөлімінің қызметін үйлестіреді. Тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттік бақылауды, агроөнеркәсіптік кешен саласында мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру бойынша жұмысты үйлестіреді. Инженерлік-техникалық инфрақұрылым, агросервисті, техникалық қайта жарақтандыруды, техниканы лизинг негізінде жеткізу саласын дамыту, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өнеркәсіптік кәсіпорындармен байланыстарын нығайту қызметіне басшылық етеді, сондай-ақ егін шаруашылығында мемлекеттік ресурстарға сатып алуға және өңірлік қамтамасыз етуге қажет өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін арттыруға бағытталған бірыңғай технологиялық саясат жүргізуді, тұқым шаруашылығын қолдауға, ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын арттыруға, элиталық тұқым шаруашылығын, минералды тыңайтқыштарды, өсімдік шаруашылығы өнімін өндіруді субсидиялауға арналған республикалық бағдарламаларды іске асыру шараларын жүзеге асырады. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін, арыз-шағымдары мен ұсыныстарын қарастырады, азаматтарды жеке қабылдайды. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды. «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен лицензиялау, аттестаттау бойынша бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік қызметтің көрсетілуін бақылайды және оған жауапты болады. Жер-кадастрлық құжаттаманың жүргізілуін бақылауды жүзеге асырады. Осы аудандардың негізінде облыстың жер балансын жасау жөніндегі жұмысты бақылайды. Жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Аудандық және Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімдерінің қызметін үйлестіруді, әдістемелік көмек көрсетуді жүзеге асырады және олардың орындалуын бақылайды. Жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту. Жасалған жер учаскелерін жалдау және уақытша өтеусіз жер пайдалану шарттары біліктілік талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Пайдаланылмайтын және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жерлерді анықтау, осы бұзушылықтар бойынша жер инспекциясына ақпарат беру. Суармалы егіншілік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін, шағымдары мен ұсыныстарын қарайды, азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді. Мемлекеттік қызмет көрсетуді, рұқсат беру құжаттарын беруді бақылайды және жауапты болады. БАҚ-пен өзара іс-қимыл жасайды.

А блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 24.10.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

26.10.2023 – 03.11.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

07.11.2023

Сұхбаттасу орны

Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі,58 115 каб.

Анықтама алу үшін байланыс

8(715-2)504497