«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» КММ басқарма басшының орынбасары
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
441254
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
- Өнер
- Тілдер және әдебиет
- Бизнес және басқару
- Музыкалық білім
- Тарих
- Археология және этнология
- Құқықтану
- Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау
- Экономика
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
- Мәдени-тынығу жұмысы
- Кітапхана ісі
- Қаржы
- Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
Қосымша талаптар
Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.
«Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын; осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу: Қазақстан Республикасының, «Мәдениет туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Жарнама туралы» Заңдары, Мәдени саясат тұжырымдамасы. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер, мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер саласындағы жұмыстың ерекшелігін білу
Функционалды міндеттер
-облыс аумағында мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
-облыс деңгейінде әлеуметтік маңызы бар, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуді жүзеге асырады;
-мәдени құндылықтарға еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету;
-тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды дамытуға жәрдемдеседі;
-театр, музыка және кино өнерін, мәдени-демалыс қызметін және халық шығармашылығын, тілдерді дамыту, кітапхана, музей және архив ісін дамыту бойынша облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді;
-шығармашылық қызметтің әртүрлі салаларында облыстық (өңірлік) байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді ұйымдастырады;
-облыстың мәдени құндылықтарын есепке алу, қорғау, консервациялау және реставрациялау, сондай-ақ пайдалану, елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
-мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі салаларындағы салалық, мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың іске асырылу барысына бақылауды жүзеге асырады;
-талантты жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздеуге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;
-мәдениет және архив ісі салаларында мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау;
-халықты өткізілетін іс-шаралар туралы хабардар етуді қамтамасыз етуді бақылау;
-коммуналдық меншіктегі тарихи және мәдени құжаттық ескерткіштерді қорғауды, оларды сақтау мен пайдалануды жүзеге асырады;
-облыстың мәдениет бөлімдерінің, ведомстволық бағынысты кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін үйлестіреді;
-ведомстволық бағынысты кәсіпорындар мен ұйымдарда басшы лауазымдарға тағайындау бойынша ұсыныстар енгізеді;
-алқалар мен жұмыс топтарының жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ету, қабылданған шешімдердің іске асырылуын бақылау;
-ведомстволық бағынысты ұйымдарды аттестаттау жұмысын қамтамасыз ету;
-белгіленген тәртіпте басқарма құрылымына кіретін бөлімдердің, ведомстволық қарасты кәсіпорындар мен ұйымдардың мамандарын марапаттау және тәртіптік шараларды қолдану туралы ұсыныстар енгізеді;
-басқарма басшысының құжаттары мен тапсырмаларының уақытылы және сапалы орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
-мемлекеттік шығармашылық тапсырыс қызметтерін көрсетушілердің меншік нысанына, олардың ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;
-электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастырудың барлық кезеңдері мен рәсімдерінің орындалуын, сапасын бақылауды және олардың нысаналы игерілуін қамтамасыз етуді бақылау;
-бюджет қаражаты көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді қаржыландыруға мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың бекітілуін бақылау;
-облыстың басқару органдарымен және қоғамдық ұйымдарымен өзара іс-қимыл;
-жоғары тұрған заң шығарушы және атқарушы билік органдарында басқарма атынан өкілдік етеді;
-басқарма қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауын қамтамасыз етеді және дербес жауапты болады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды;
-басқарманың құрылымдық бөлімшелері, лауазымдық нұсқаулықтар және басқарма қызметіне қатысты басқа да құжаттар туралы ережені бекітуге енгізеді;
-облыс әкімінің бақылауындағы тапсырмаларды орындау;
-тілдік орта құру бойынша іс-шараларды ұйымдастырады;
-тілдерді дамытудың өзекті мәселелері бойынша іс-шаралар өткізеді;
-облыстық басқармалар мен ведомстволардың, қалалық және аудандық әкімдіктердің, меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындардың «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асыру жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны, оны іске асыру жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіру.
-мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілді оқытудың жаңа әдістемелері мен компьютерлік бағдарламаларын таратады;
-ана тілдерін дамыту мәселелері бойынша ұлттық-мәдени бірлестіктердің қызметін үйлестіреді;
-этнос өкілдеріне ана тілдерін үйренуге қолдау көрсетеді;
-қазақ әдеби тілінің нормаларына сәйкестігі және ұлты қазақ адамдардың тегін, атын, әкесінің атын жазуда оларды орыс тіліне беру туралы қорытынды дайындау;
-облыстың жеке және заңды тұлғаларына деректемелер мен көрнекі ақпаратты мемлекеттік және орыс тілдерінде ресімдеуде әдістемелік көмек көрсету бойынша рейдтік және басқа да іс-шараларды жүргізеді;
-облыстың ұйымдарында, мекемелерінде, кәсіпорындарында мемлекеттік тілде кіріс және шығыс құжат айналымының мониторингін жүргізеді;
-өңірдегі тілдік ахуалға мониторинг, әлеуметтік зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады;
-тіл заңнамасын іске асыру бойынша талдамалық баяндамалар, есептер дайындауды жүзеге асырады;
-тіл заңнамасын бұзу фактілері бойынша әртүрлі жедел ден қою шараларын жүзеге асырады;
-облыстық ономастикалық комиссияның қызметін ұйымдастыру, ономастикалық жұмысты үйлестіреді, ономастикалық объектілердің атауларын реттеу мәселелері бойынша материалдарды дайындауды жүзеге асырады;
-жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік тіліндегі көрнекі ақпараттың, ресми деректемелердің мәтіндерін және жарнаманы келісуге дайындайды;
-мемлекеттік және басқа тілдерді дамытуға бағытталған облыстық маңызы бар шаралар кешенін жүзеге асырады;
-ұлттық-мәдени орталықтар жанындағы жексенбілік мектептердің қызметін зерделейді және жаңғырту, ана тілдерін оқыту мектептерін құруға жәрдемдеседі;
-мемлекеттік тілді оқыту бойынша оқу-әдістемелік құралдарды, оқулықтарды әзірлеуді және таратуды және оны инновациялық технологиялар негізінде енгізуді қамтамасыз етеді;
-этникааралық үйлесімді қарым-қатынастарды қамтамасыз етуде этно-мәдени бірлестіктердің күш-жігерін біріктіреді;
-облыс аумағында архив ісі және құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелеріне ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
-облыс аумағында Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архив туралы заңнамасының сақталуын бақылау;
-облыстың мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қоры құжаттарының мемлекеттік есебін жүргізу және олардың сақталуын қамтамасыз ету;
-қазақ тілінің латын графикасы кеңістігін қалыптастыру, ұйымдастыру, реттеу және дамыту жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
-қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі мәртебесін нығайтуға, қызметін кеңейтуге бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру;
-мәліметтерді талдау және тілдерді дамыту мәселелері бойынша облыстың аудандары мен мекемелері, ұйымдары, ведомстволары бойынша мониторинг жүргізу бойынша бақылауды жүзеге асыру;
-тілдерді дамыту саласындағы басқарма жұмысының стратегиялық бағыттарын анықтау;
-тілдерді қолдану мен дамытудың өңірлік бағдарламасын әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және бағдарлама жобасын әзірлеу;
-белгіленген тәртіппен басқарма құрылымына кіретін мамандарды марапаттау және тәртіптік шараларды қолдану туралы ұсыныстар енгізу;
-тілдерді дамыту саласындағы басқарма басшысының тапсырмалары мен құжаттарының уақтылы және сапалы орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
-басшы болмаған кезде оның міндеттерін атқару.
А блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ai.sharipova@sko.gov.kz
- 06.11.2023
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 116 кабинеті
-
87152504497