Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің әлеуметтік, тұрғын үй-коммуналдық және құрылыс мәселелері жөніндегі орынбасары

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

Е-1 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

512003

Жалпы біліктілік талаптары

Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3,  C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
  • Сәулет және құрылыс
  • Бастапқы әскери дайындық
  • Дене шынықтыру және спорт
  • Құқықтану
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Экология
  • Автоматтандыру және басқару
  • Машина жасау
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Аспап жасау
  • Жылу энергетикасы
  • Электр энергетикасы
  • Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
  • Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
  • Әлеуметтік жұмыс
  • Мәдени-тынығу жұмысы

Қосымша талаптар

Тиісті санат үшін бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға үміткерлерді  тестілеу бағдарламасымен қарастырылған Қазақстан Республикасының заңнамасын «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын осы санаттағы  нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін,  білуі. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының бюджеттік кодексі», «Кәсіпкерлік туралы»,  «Салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодекстерін, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын білу.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Функционалды міндеттер

Сәулет және қала құрылысы, сәулет-құрылыс бақылау объектілерінің құрылысы, әлеуметтік орта, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, дене шынықтыру және спорт, көші-қон және демография, ұлтаралық қатынастарды дамыту, қылмыстық-атқарушы жүйе бойынша бойынша аудандық және аумақтық органдардың қызметін үйлестіру. Бұқаралық ақпарат құралдары, үгіт насихаттау, діни конфессиялардың, жастар саясатының, нашақорлық және алкоголизм, құқы бұзушылық және қылмысты алдын-алу мәселелері. Туберкулез және ЖИТС ауруын алдын-алу мәселелері. Тұрғын үй және әлеуметтік мәдени тұрмыстық объектілерді жөндеу бойынша, өнеркәсіп, көліктің барлық түрлерінің, автомобиль жолдарының, инженерлік коммуникациялардың, сумен қамтамасыз ету және су шаруашылық ісшараларды, өндірістік-жол учаскесінің, телекоммуникациялар, өрт қызметінің, тұрғын үй және әлеуметтік-өндіріс инфрақұрылым объектілерін жылыту маусымына, ауданның елді мекендерін көркейту жұмыстарды ұйымдастыру мәселелері.Қоршаған ортаны қорғау бойынша жұмысты ұйымдастырады, рұқсат етілмеген полигондарды анықтау және жою.

А блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 13.10.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

16.10.2023 – 24.10.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

27.10.2023

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 116 кабинеті

Анықтама алу үшін байланыс

8(7152)50-44-97