«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ-сі қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-О-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Денсаулық сақтау

Қосымша талаптар

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу,

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі,

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Функционалды міндеттер

- Артериялық гипертензия, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, қант диабеті - нозологиялар бойынша ауруларды басқару бағдарламасының (АББ) жобасы бойынша жұмысты үйлестіру:;

- Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарымен бірлесіп, тұрғындарды скринингтік тексерулерді жыл сайынғы жоспарлауды жүзеге асыру және бақылау;

- Халықты скринингтік тексеруді ұйымдастыру және мониторинг жүргізу;

- Скринингтік зерттеулердің нозологиясы бойынша Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының деректерімен жеке есептерді дайындау және салыстыру;

- Ай сайын медициналық ұйымдардан нақты орындалған көлем туралы скринингтік зерттеулер бойынша ақпарат жинау;

- Скринингтік тексерулер кезінде анықталған жағдайларды медициналық ұйымдардың диспансерлік есепке уақтылы алуын бақылау;

- Профилактикалық медициналық тексерулерді ұйымдастыру, профилактикалық медициналық тексерулерді жоспарлау және мониторинг жүргізу;

- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің  «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2021 жылғы 24 тамыздағы № ҚР ДСМ-90 бұйрығын іске асыру;

- Учаскелерде бекітілген халық құрылымының белгіленген нормативтерге сәйкестігін мониторингтеу;

- Стационарды алмастыратын көмек (күндізгі стационар, үйдегі стационар) көрсету және амбулаториялық деңгейде оңалту бойынша медициналық ұйымдардың жұмысын бақылау;

- Жетекшілік ететін мәселелер бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасының алқасына материалдарды дайындау және жинақтау;

- Жоғары тұрған ұйымдарға жетекшілік ететін мәселелер бойынша есепті деректерді жасау;

- Медициналық ұйымдардың жұмысында кемшіліктер анықталған жағдайда бөлім басшысының атына 2 күннен аспайтын мерзімде қызметтік жазба ұсыну қажет;

- Басқарма қызметінің түрлі аспектілері бойынша облыс әкімінің бұйрықтарының, шешімдерінің және баянаттарының жобаларын әзірлеуге тікелей қатысу;

- Арнайы шұғыл және жоспардан тыс жұмыстарды, сондай-ақ жұмыс процесінде қажетті қосымша есептілікті орындау;

- Жетекшілік ететін мәселелер бойынша азаматтардың өтініштерін қарау.

А функционалдық блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 12.10.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

13.10.2023 – 23.10.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20Mb

Сұхбаттасу күні

26.10.2023

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 116 кабинеті

Анықтама алу үшін байланыс

87152340216