Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудан әкімінің ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі орынбасары (2024 жылғы 30.06 дейін негізгі қызметшінің оқу демалысы кезеңіне, уақытша)
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
512003
Жалпы біліктілік талаптары
Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Ауыл шаруашылығы және биоресурстар (білім беру саласы)
- Ветеринария
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Туризм
- Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі
- Қаржы
Қосымша талаптар
Тиісті санатына арналған мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен қарастырылған Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;
«Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын;
Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін;
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді білу.
Функционалды міндеттер
Ауданның ауыл шаруашылығы, ветеринария, кәсіпкерлік мәселелері бойынша облыс, аудан әкімі шешімдерінің, өкімдерінің, әкімдіктің қаулыларының орындалуын қамтамасыз ету. Жетекшілік ететін аумақ бойынша құқықтық құжаттарды әзірлеуге қатысу. Ауданда инвестициялық және бағалық саясатты қалыптастырады. Ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіптік кешен, ветеринария, жер және су қатынастары, экология, балық, орман және аңшылық шаруашылығы, кәсіпкерлік және сауда, индустриалды және инновациялық даму мәселелері бойынша орталық атқарушы органдарының аудандық және аумақтық бөлімшелерінің қызметтерін үйлестіру. Ауданда нарықтық инфрақұрылымдар құруды және дамытуды, халық тұтынатын тауарлардың әлеуметтік маңызды топтарына тұрақты баға белгілеу және халыққа азық-түліктерді сатуды қамтамасыз етеді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресуратар мен табиғатты пайдалануды реттеу мәселелерін үйлестіреді. Аудан халқын негізгі азық-түлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
Жетекшілік ететін бөлімдерде мемлекеттік қызметтерді электронды нысанаға ауыстыру және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын көтеру бойынша шаралар қабылдайды. Жетекшілік ететін бөлімдерде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына жауап береді және бақылау жүргізеді. Нормативтік-құқықтық актілерге бақылауды іске асырады. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды іске асыру. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүктелген басқа да міндеттерді орындау.
А блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ak.syzdykova@sko.gov.kz
- 21.09.2023
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 116 кабинеті
-
87152504497