«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ cметалық-шарттық жұмысты жоспарлау, жүргізу бөлімінің бас маманы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
243700
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Қосымша талаптар
Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. «Автомобиль жолдары туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңдарды, осы саладағы өзге де нормативтік құқықтық актілерді және техникалық регламенттерді білу.
Функционалды міндеттер
Шарттарды дайындау және рәсімдеу, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық құжаттамаларды дайындау; машиналар мен механизмдерге жобалау-сметалық құжаттаманың, жоспарлы-есептік бағалардың жасалуын бақылау, автомобиль жолдарын жөндеу, күтіп ұстау және көгалдандыру жөніндегі мердігерлік ұйымдардың орындалған жұмыстарына актілерді тексеру, қызметтің бекітілген мәселелері бойынша есептер, ақпараттар, анықтамалар жасау. Басқарма басшылығы айқындайтын өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Шарттардың заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелерді орындамаған және тиісінше орындамаған кезде экономикалық ықпал ету шараларын қолдануды тексеру.
В блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ak.syzdykova@sko.gov.kz
- 15.09.2023
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 116 кабинеті
-
87152504497