«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ-нің қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің бас маманы (2024 жылғы 11.03 дейін негізгі қызметшінің бала күту демалысы кезеңіне, уақытша)

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-О-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Денсаулық сақтау
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу,

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі,

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Функционалды міндеттер

- Облыс халқының эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша облыстың медициналық ұйымдарымен, ведомстволарымен және қызметтерімен жұмысты үйлестіру;

- Облыстың қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға амбулаториялық көмек көрсету мониторингі;

- Жылжымалы медициналық кешендердің жұмыс жоспарының орындалуын бақылау;

- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің  «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2021 жылғы 24 тамыздағы № ҚР ДСМ-90 бұйрығын іске асыру;

-Амбулаториялық-емханалық деңгейде фертильді жастағы әйелдердің тіркеліміндегі жұмысты бақылау;

- Облыстың медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарының жұмысына мониторинг жүргізу үшін көшпелі жартыжылдық медициналық кеңестерді ұйымдастыру;

- Петропавл қаласы бойынша медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарының жұмысына мониторинг жүргізу;

- Өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік, өңірлік бағдарламалар мен денсаулық сақтауды дамытудың стратегиялық жоспарларын іске асыру барысы туралы талдамалық анықтамалар мен ақпараттар жасау;

- Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының амбулаториялық-емханалық қызметі мәселелері бойынша тоқсан сайынғы үйлестіру кеңестерін өткізудің жыл сайынғы жоспарын жасау;

-Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының амбулаториялық-емханалық қызметі мәселелері бойынша тоқсан сайынғы үйлестіру кеңестерін ұйымдастыру және сүйемелдеу;

- Жетекшілік ететін бөлімдері бойынша денсаулық сақтау ұйымдарына ұйымдастыру-әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;

- Электрондық құжат айналымының және электрондық мұрағаттанудың бірыңғай бағдарламасы бойынша құжаттаманы өңдеуді қамтамасыз ету, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының және денсаулық сақтауды цифрландыру саласындағы Жол карталарының орындалуын мониторингтеу және бақылау (медициналық нысандарды электрондық форматқа ауыстыру);

- Медициналық ұйымдардың жұмысында кемшіліктер анықталған жағдайда бөлім басшысының атына 2 күннен аспайтын мерзімде қызметтік жазба ұсыну қажет;

- Жетекшілік ететін мәселелері бойынша жоғары тұрған ұйымдарға есептік деректерді жинау және өңдеу;

- Арнайы шұғыл және жоспардан тыс жұмыстарды, сондай-ақ жұмыс процесінде қажетті қосымша есептілікті орындау;

- Жетекшілік ететін мәселелер бойынша азаматтардың өтініштерін қарау.

А функционалдық блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 04.09.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

05.09.2023 – 13.09.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20Mb

Сұхбаттасу күні

15.09.2023

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 116 кабинеті

Анықтама алу үшін байланыс

87152340216