«Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ-нің емдеу-профилактикалық қызметін үйлестіру және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (19.2-4)
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Қосымша талаптар
Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу,
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі,
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Функционалды міндеттер
- Ересек халықтың денсаулық жағдайын зерделеу, медициналық көмек көрсету сапасын талдау, оны жақсарту бойынша шаралар әзірлеу;
- Мемлекеттік және өңірлік стратегиялық бағдарламаларды әзірлеуге және мониторингілеуге қатысу;
- Профилактиканың, диагностиканың, емдеудің жаңа әдістерін және жетекшілік ететін бөлімдер бойынша жұмысты ұйымдастырудың жаңа нысандарын практикаға енгізу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
- Науқастарды (ересек тұрғындар арасында) республикалық және шетелдік клиникаларға емдеуге жіберу бойынша жұмысты ұйымдастыру;
- Мамандандырылған медициналық көмек (бұдан әрі-ММК) бойынша емдеуге жатқызу бюросының порталы бойынша жұмыс жүргізу;
- Емдеуге жатқызу бюросы порталының жұмысы мәселелері бойынша денсаулық сақтауды дамыту институтының республикалық, облыстық және қалалық медициналық ұйымдары, облыстық филиалы арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.
- Медициналық ұйымдардағы медициналық көмек сапасын басқару қызметінің жұмысын бақылау және талдау бойынша жұмысты жүзеге асыру (ішкі аудит);
- Медициналық ұйымдардың медициналық көмек көрсетуін, клиникалық қызметін талдау, медициналық көмек көрсету тәртібі мен денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың бұзылуын жою жөніндегі іс - шараларды әзірлеу;
- Медициналық ұйымдар бойынша медициналық көмектің сапасына өтініштерді талдау;
- Облыс стационарларының қабылдау бөлімшелерінің қызметін бақылау;
- Медициналық көмектің сапасын бағалау;
- Жетекшілік ететін мәселелері бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне, облыс әкімдігіне және басқа да ұйымдарға есептік деректерді дайындау;
- Халықты тегін және жеңілдікпен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша нысаналы трансферттерді игеру мониторингін жүргізу;
- Науқастарды облыстан тыс жерлерге және шетелге консультацияға және емделуге жіберу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, республикалық клиникалармен және МСАК ұйымдарымен шетелге емделуге жіберу бойынша бюджет есебінен пысықтау;
- Жетекшілік ететін бейіні бойынша медициналық ұйымдарға консультациялық-диагностикалық көмек ұйымдастыру, облыстың медициналық ұйымдарында жаңа енгізілімдер мен емдеудің жаңа әдістемелерін ұйымдастыру;
-Денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін тексеру және ұйымдастыру-әдістемелік басшылықты қамтамасыз ету, бейін бойынша медициналық көмектің қойылуы мен сапасын одан әрі жақсартуға бағытталған келесі ұсыныстармен жалпы өлім мен сырқаттанушылық көрсеткіштерінің статистикалық есептерін мониторингілеу және талдау;
- Жетекшілік ететін мәселелер бойынша азаматтардың өтініштерін қарау;
- Жедел ақпаратты жинау және тапсыру;
-Өзінің жетекшілік ететін мәселелері бойынша апта сайын, ай сайын, тоқсан сайын, жылдық есептерді құру, жұмысқа талдау жүргізу;
- Денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік, өңірлік бағдарламалары мен стратегиялық жоспарларының іске асырылу барысы туралы талдау анықтамалары мен ақпарат жасау.
- Орындау мерзімін өткізіп алу фактілерін қоспағанда, бақылау құжаттарын орындау;
- Бейін бойынша МҰ-да медициналық көмек көрсету сапасын бақылау;
- Қорытындылар және ұсынымдармен талдау, оның ішінде денсаулық сақтау басқармасының басшылығына ұсынылатын ақпарат бойынша рейтингтік талдау;
Медициналық ұйымдардың жұмысында кемшіліктер анықталған жағдайда Бөлім басшысының атына 2 күннен аспайтын мерзімде қызметтік жазба ұсыну қажет.
А функционалдық блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
zhgabbasova@sqo.gov.kz
- 15.09.2023
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 116 кабинеті
-
87152340216