«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» КММ индустриялық-инновациялық даму бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-О-3 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Инженерия және инженерлік іс
  • Өндірістік және өңдеу салалары
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Әлемдік экономика
  • Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
  • Туризм
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Қосымша талаптар

Тиісті санаттың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білу.

Осы санаттың нақты лауазымын мамандандыруға сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін: ҚР Кәсіпкерлік Кодексі, Қазақстан Республикасының Əкімшілік рəсімдік-процестік кодексі, «Өнеркәсіптік саясат туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы»,  Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2021-2025 жылдарға тұжырымдамасы, ҚР Президентінің Жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары мен өкімдері, өзге де нормативтік-құқықтық актілер, нормалар және қағидаларды білу.

Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажет басқа да міндетті білімді, сондай-ақ функционалдық міндеттерді орындау үшін қажет көлемде мемлекеттік тілді білу.

Функционалды міндеттер

Бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру, қызметтің негізгі бағыттарын, нысандары мен әдістерін анықтау.

Жобаларды индустрияландыру картасына және өңір кәсіпкерлігін қолдау картасына тарту, жобаларды мониторингілеу және талдау.

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2021-2025 жылдарға тұжырымдамасын іске асыру барысы туралы есептерді дайындауды ұйымдастыру.

Бөлімдермен бірлесіп, бес жылдық кезеңге арналған облыс аумағын дамыту бағдарламасының салалық бөлімдерін, ұлттық жобаларды («Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсім», «Цифрландыру, ғылым және инновациялар арқылы технологиялық серпіліс») әзірлеу, оның іске асырылу барысын бақылау және талдауды жүзеге асыру.

Басқармамен жетекшілік ететін мәселелер бойынша бөлімдермен бірлесіп, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу, оның іске асырылу барысын бақылауды және талдауды жүзеге асыру.

Басқарма қызметінің бағыттары бойынша Өңірлік даму бағдарламаларын әзірлеуге қатысу.

Өнеркәсіптік кәсіпорындарға инновациялық жобаларды ілгерілетуде жәрдем көрсету, олардың инновациялық қызметін талдау, іске асырылу барысына мониторинг жүргізу.

Бөлім құзыреті шегінде арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

Елішілік құндылық үлесін мониторингілеу барысында анықталған тауашаларды дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу.

Бөлім қызметінің мәселелері бойынша материалдар, есептер, баяндамалардың аналитикалық жазбаларын, мақалаларды дайындау.

Сауда-экономикалық миссиялар, көрмелер, жәрмеңкелер, форумдар, конкурстар, семинарларды ұйымдастыруға қатысу және оларға облыстың шаруашылық субъектілерін тарту.

Бекітілген іс-шаралар бойынша бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалар үшін деректерді жасау кезінде есептеулер үшін деректерді ұсыну.

Бөлім қызметінің бағыттары бойынша шағым-талап-арыз жұмыстарын жүргізу, соның ішінде сотта және басқа да ұйымдарда белгіленген тәртіпте бөлім мүддесін ұсыну.

Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, орталық және жергілікті атқарушы органдардың тапсырмаларын орындау бойынша ақпараттық хабарламалар жасау.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қаралуына, жауап берілуіне бақылауды жүзеге асыру, соның ішінде есептерді беру.

А функционалдық блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 29.08.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

31.08.2023 – 04.09.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

06.09.2023

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 116 кабинеті

Анықтама алу үшін байланыс

8(7152)50-44-97