«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» КММ басшысы

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-О-1 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

688752

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде екі жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Инженерия және инженерлік іс
  • Өндірістік және өңдеу салалары
  • Қызмет көрсету саласы
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Әлемдік экономика
  • Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Қосымша талаптар

Тиісті санаттың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білу.

Осы санаттың нақты лауазымын мамандандыруға сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін: ҚР Жер кодексі, ҚР Экологиялық кодексі, ҚР Су кодексі, ҚР Кәсіпкерлік Кодексі, «Мемлекеттік мүлік туралы», «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы», «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы», «Сауда қызметін реттеу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы, Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары, Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, ҚР Президентінің Жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары мен өкімдері, өзге де нормативтік-құқықтық актілер, нормалар және қағидалар білу.

Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажет басқа да міндетті білімді, сондай-ақ функционалдық міндеттерді орындау үшін қажет көлемде мемлекеттік тілді білу.

 

Функционалды міндеттер

Басқарма жұмысын дара басқару қағидаларында ұйымдастыру және басқару.

Басқарманы облыстық және республикалық деңгейдегі барлық органдар мен ұйымдарда ұсыну.

Облыста тиімді индустриялық-инновациялық дамуға, кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік және өңірлік саясатты жүргізу.

Жетекшілік ететін салалар бойынша инвестициялық және инновациялық жобаларды жалпы үйлестіру және ілесу.

Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі, орталық және жергілікті атқарушы органдар тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету.

Кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму, жер қойнауын пайдалану, өнеркәсіпті дамыту және инвестиция тарту салаларында әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізуді үйлестіру.

Бекітілген іс-шаралар бойынша бюджеттік бағдарламаларды және бюджеттік өтінімдерді бекіту.

Заңды және жеке тұлғалардың жетекшілік ететін мәселелер бойынша арыз, шағым және ұсыныстарын қарастыру, азаматтарды жеке қабылдауды жүргізу.

Мемлекеттік қызмет ұсынылымдарын бақылауды ұйымдастыру.

А функционалдық блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 21.08.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.08.2023 – 24.08.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

28.08.2023

Сұхбаттасу орны

СҚО Петропавл қ. Конституции Казақстан 58 к. 116 каб.

Анықтама алу үшін байланыс

8(7152)50-44-97