«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дін істері басқармасы» КММ бас маман-бас бухгалтер

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-О-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

243700

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Тиісті санаттағы мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясын білу; Осы санаттағы нақты қызмет мамандығына сәйкес салалардағы қатынасты реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

Функционалды міндеттер

Басқарманың қаржылық және материалдық ресурстарының есебін, бақылауды және талдауды жүргізеді. Басқарма қызметкерлерінің еңбекақысы бойынша есеп-қисап жүргізеді. ҰЗҚ есептеу мен аударуды жүзеге асырады. Салық және бюджетке өзге де міндетті төлемдерді есептейді және аударады. Салық органдары мен статистикалық мекемелерге есептілік ұсынады. Бюджеттік өтінімдер жасайды. Басқарманың жылдық қаржыландыру жоспарларын құрады. Басқарманың теңгерімі мен жиынтық есептерін қалыптастыруға арналған деректерді дайындайды. Кредиторлық және дебиторлық берешек туралы есеп жасайды. Бас кітап пен кассалық кітапты жүргізеді. Бухгалтерлік есептерге түсіндірме жазбахаттар жасайды. Ерекшеліктер бойынша кассалық және іс жүзіндегі шығыстарды таратады. Басқармада экономикалық жоспарлау жұмысын ұйымдастырады. Төлемнің барлық түріне банктік құжаттар дайындауды жүргізеді. Басқармада тауарлық-материалдық құндылықтардың сақталуына жауапты болады. Негізгі құралдар мен ТМҚ түгендеуді жүргізеді. Негізгі құралдар мен ТМҚ есептен шығару актілерін жасайды. Басқармада шаруашылық жұмыстарды ұйымдастырады және жүргізеді. Конкурстық құжаттама дайындайды, басқарма үшін тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады және жүзеге асырады. Шарттарды құрады және жасасады, конкурстық комиссия хаттамаларын ресімдейді, басқарманың Интернет-ресурсында мемлекеттік сатып алу саласында заңнамада көзделген ақпаратты орналастырады. Басқарманың мемлекеттік сатып алулары бойынша ақпарат дайындау және есеп тапсыру. Үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік әлеуметтік сатып алу лоттарын қалыптастырған кезде әлеуметтік маңызды жобалар конкурстарын өткізу. Әлеуметтік жобалардың техникалық ерекшеліктерін дайындау. Ерекшеліктеріне сәйкес барлық төлемдер, кассалық және нақты шығыстар бойынша уақтылы және сапалы орындау үшін дербес жауапты болады.

(В блогы)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 15.08.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

16.08.2023 – 24.08.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 мб

Сұхбаттасу күні

28.08.2023

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 116 каб.

Анықтама алу үшін байланыс

8-7152-34-02-16