«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ ақпараттық саясат бөлімінің бас маманы – бас бухгалтер

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-О-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

243700

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Бухгалтерлік есеп және аудит

Қосымша талаптар

Әкімшілік қызметпен айналысуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу санаты үшін мемлекеттік лауазымдарға орналасуға "Қазақстан – 2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

Функционалды міндеттер

Басқарманың шоғырландырылған қаржылық есептілігін, басқарманың жиынтық бухгалтерлік (жылдық, тоқсандық, айлық) есептерін жасау және ұсыну және қаржыландыру жоспарының орындалуын бақылау.

Басқарманың және ведомстволық бағынысты мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша жеке, жиынтық қаржыландыру жоспарын жасау және ұсыну.

Басқарманың және ведомстволық бағынысты мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу.

Басқарманың бюджеттік бағдарламаларына қатысты бұйрықтарды дайындау және жасау.

Бюджеттік бағдарламалар жобаларын уәкілетті органмен келісу.

Дебиторлық және кредиторлық берешек бойынша есептерді, бюджеттің атқарылуы жөніндегі есепті, басқарманың және ведомстволық бағынысты мекемелердің жалақысы бойынша есепті тексеру және жинақтау.

Бухгалтерлік есепті, қызметкерлердің жалақысы бойынша есеп айырысуды жүргізу, бюджет қаражатын мақсатты пайдалануды жүзеге асыру және бюджетке төлемдерді дұрыс, уақтылы есептеу және аудару, негізгі құралдар мен қорларды түгендеуді жүзеге асыру.

"Қазынашылық-Клиент"АЖ арқылы жеке қаржыландыру жоспарлары бойынша төлемдер мен анықтамаларды жүзеге асыру үшін төлем құжаттарын ресімдеу және деректерді енгізу.

Кадр жұмысын жүргізу: басқарманың штат кестесін әзірлеу, қызметкерлердің жеке істерін және еңбек кітапшаларын қалыптастыру және жүргізу; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерлерді қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан шығаруды ресімдеу; жеке құрам, негізгі қызмет, іссапарлар мен демалыстар бойынша бұйрықтар дайындау; жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізу; басқарма қызметкерлерінің әскери есебін жүргізу.

Басқарма қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуын бақылау кітабын және "сенім телефоны"бойынша хабарламаларды жүргізу.

 Салық органдарына және статистикалық мекемелерге, басқа да мемлекеттік органдарға есеп беру.

Құзыреті бойынша келіп түскен азаматтардың өтініштерін заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде және олар бойынша қажетті шаралар қабылдауды, сондай-ақ деректерді "Е-қызмет"АЖ өтініштерінің тіркеу карточкасына сапалы енгізуді қарау.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

В блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 26.07.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

27.07.2023 – 04.08.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

08.08.2023

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі 58, 116 каб.

Анықтама алу үшін байланыс

87152504497