Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің әлеуметтік сұрақтары бойынша орынбасары
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
512003
Жалпы біліктілік талаптары
Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Педагогика және психология
- Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы
- Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
- Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
- Әлеуметтік ғылымдар
- Бизнес және басқару
- Құқық
- Денсаулық сақтау
- Дене шынықтыру және спорт
- Әлеуметтік жұмыс
Қосымша талаптар
Тиісті санат үшін бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен қарастырылған Қазақстан Республикасының заңнамасын білу. Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу. осы санаттағы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Функционалды міндеттер
Ішкі саясат, жұмыспен қамту, білім, спорт, денсаулық сақтау, қорғаныс, тұтынушылардың құқығын қорғау, зейнетақы төлеу орталығымен, ұлтаралық байланыс, нашақорлықпен күрес мәселелері бойынша аудандық және аумақтық атқарушы органдардың жұмыстарын үйлестіру. Партиялармен және қоғамдық ұйымдармен, үкіметтік емес және әйелдер ұйымдарымен, ауданның еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша интеграциялық ұйымдарымен өзара іс-қимылды және қатынасты жүзеге асыру. Отбасы және гендерлік саясат ісі жөнінде, жастар ісі жөнінде, кәмелетке толмағандар және олардың құқықтарын қорғау ісі жөнінде, діни бірлестіктермен байланыс жөнінде, қылмыстық жазасын өтеген тұлғаларға әлеуметтік және басқа да көмектерді ұйымдастыру жөніндегі,аудан әкімдігі жанындағы жалпы білім беретін мектептердегі сапалы тамақтандыруды қамтамасыз ету жөніндегі, мемлекеттік рәміздерді зерттеу, үгіттеу және қолдану аясындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі, денсаулық сақтау сұрақтары бойынша, мүгедектер ісі жөніндегі, аз қамтылған халық тобына материалдық көмек көрсету жөніндегі, халық денсаулығын қорғау бойынша, үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара әрекет ету жөніндегі, эвакуациялық және эвакоқабылдау жөніндегі, марапаттау комиссия мен үйлестіру кеңестерін басқару. Аудандық БАҚ-тың, діни ұйымдардың, партиялардың, ардагерлік және қоғамдық ұйымдардың, кәсіподақтардың, аудандық мұрағаттың, поштаның жұмысын басқару. Азаматтарды әскери қызметке шақыру бойынша жұмысты ұйымдастыру. Әлеуметтік салада аудан әкімімен бекітілген үйлестіру кеңестері мен жұмыс комиссияларына басшылық ету және жұмыс жасау. Азаматтарды және ресми делегацияларды қабылдау. Басшылық жасап отырған салада мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын бақылау. Қарамағындағы бөлімдермен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен мерзімін бақылау. Басшылық ететін сала бойынша облыс және аудан әкімдерінің тапсырмаларын орындау.
A блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
d.karimzhan@sko.gov.kz
- 01.08.2023
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі 58, 116 каб
-
8 7152 50-16-79