Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
512003
Жалпы біліктілік талаптары
Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Бизнес және басқару
- Құқық
- Агрономия
- Мал шаруашылығы
- Жерге орналастыру
- Ветеринария
- Геодезия және картография
- Кадастр
Қосымша талаптар
Тестілеу бағдарламасына сәйкес әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының осы санаты үшін қажет Қазақстан Республикасының заңдарын білу. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын, осы санаттағы нақты лауазымдардың мамандығына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Функционалды міндеттер
Ауыл шаруашылығын, агроөнеркәсіп кешенін және аграрлық ғылымды дамыту, ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу, жер және су қатынастары, аграрлық ғылым, геология, қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын пайдалану, балық, орман және аңшылық шаруашылығы. Кәсіпкерлік, өнеркәсіпті даму, жаңа технологиялар, сауда, сыртқы экономикалық байланыстар, шеқаралық серіктестік, жер пайдаланымын және жер қорғауды дамыту. Өңірде туризмді дамыту мәселелері (туризмнің инфрақұрылымын дамыту, туристік салаға инвестициялар тарту, оның ішінде шетелдікті қоса). Лицензиялау, стандарттау және сертификаттау мәселелері. Қолданыстағы заңнама шеңберінде жобаларды іске асыру үшін жағдай жасау жөніндегі, оның ішінде жер учаскелерін бөлуді, жер қойнауын пайдалануға құқық беруді, инфрақұрылыммен, қажетті қаражатпен қамтамасыз етуді, техникалық және консультативті көмек көрсету мәселерін шешуді, сондай-ақ инновациялар мен озық технологияларды енгізу, жаңа өнімдер мен қызметтердің инновациялық әзірлемелерін жылдамдатып игеру үшін жағдай жасау мәселелерін шешуді қоса жұмысты ұйымдастыру мәселелері. Азаматтардың және заңды тұлғалардың қабылдауын өткізеді. Жетекшілік ететін салалар бойынша Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратымен, облыстық жергілікті және аумақтық атқарушы органдармен, өзара іс-қимыл жасайды.
А блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
d.bassygarin@sko.gov.kz
- 31.07.2023
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 115 кабинеті
-
8(7152)501679