Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының қоғамдық және инфроқұрылымдық даму бөлімінің бас маманы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
243700
Жалпы біліктілік талаптары
D-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1 жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Құқықтану
- Сәулет
- Экономика
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Машина жасау
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Құрылыс
- Қаржы
- Инженерлік жүйелер және желілер
Қосымша талаптар
1.Тиісті санатқа арналған әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасында қарастырылған Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
Функционалды міндеттер
Облыс әкімі орынбасарының, облыс әкімі аппараты басшылығының қызметін ұйымдастырушылық-құжаттамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Жетекшілік ететін бағыттары бойынша орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, облыстық және жергілікті атқарушы органдармен, аудандар мен қала әкімдерінің аппараттарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.;
Орталық мемлекеттік органдармен жетекшілік ететін салалар бойынша өзара іс-қимыл жасайды, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын орындау бойынша ақпараттық хабарламаларды дайындауды жүзеге асырады.
Облыс әкімінің шығуына, орталық мемлекеттік органдармен, Президент Әкімшілігімен, Үкіметпен, Премьер-Министр Кеңсесімен, оның ішінде бейнеконференцбайланыс арқылы кеңестерге материалдар (тезистер, анықтамалар, презентациялар және т.б.) дайындауды және келісуді жүзеге асырады..
Жетекшілік ететін салалардың жергілікті атқарушы органдары мен басқару құрылымдары қызметінің әртүрлі тараптарын сипаттайтын деректерді жинайды, жинақтайды және талдайды, облыс басшылығын ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Облыстық ведомстволардың: құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы қызметін үйлестіреді.
Жетекшілік ететін салада мемлекеттік органдармен облыс әкімінің орынбасарына енгізілетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауап жобаларының сапасын бақылауды жүзеге асырады. Қажет болған жағдайда облыс әкімі орынбасарының бұрыштамаларын орындаушылардың құрамына қосымша мемлекеттік органдардың не лауазымды тұлғалардың құзыретіне сәйкес енгізу тұрғысынан қайта қарайды, сапасыз жауаптар жобаларын пысықтауға жібереді.
Жетекшілік ететін мәселелер бойынша облыс әкімінің орынбасары басқаратын комиссиялардың қызметін ұйымдастырады және бақылауды жүзеге асырады.
Облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасары төрағасы болып табылатын өңірлік комиссиялар отырыстарының жұмысын ұйымдастырады.
Жетекшілік ететін сала мәселелері бойынша азаматтардың хаттары мен өтініштерін қарайды..
Облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарының азаматтарды жеке қабылдауын ұйымдастырады;
Іс-шараларды (кездесулер, форумдар, дөңгелек үстелдер, сапарлар және т.б.) ұйымдастыруға қатысады және облыстың шаруашылық жүргізуші субъектілерін оларға қатысуға тартады, облыс әкімі орынбасарының қатысуымен өтетін мәжілістерде салалық департаменттердің, басқармалардың хаттама жүргізуіне бақылауды жүзеге асырады.
Облыс әкімдігі мәжілістерінде, комиссияларда, облыс әкімінің орынбасары өткізетін кеңестерде қажетті құжаттарды қарауға дайындау, жетекшілік ететін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің, облыс әкімдігі қаулыларының және облыс әкімінің шешімдерінің жобаларын редакциялайды және дайындайды, қабылданғаннан кейін олардың орындалуын ұйымдастырады.
Заңдар мен Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, орталық атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерінің, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, облыс әкімі орынбасары нұсқауларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
Құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтайды.
В блогі
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
l.zhukenova@sko.gov.kz
- 04.07.2023
- СҚО Петропавл қ. Конституции Қазақстана к. 58 , 116 каб.
-
8(7152)340216