«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» КММ шығармашылық дамыту жөніндегі бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-О-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Өнер және гуманитарлық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (білім беру саласы)
  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Мәдени-тынығу жұмысы

Қосымша талаптар

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.

«Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу: Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы», «БАҚ туралы» Заңдары, мәдени саясат тұжырымдамасы, осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі менеджменттің қазіргі заманғы әдістерін, басқару психологиясының, стратегиялық жоспарлау мен талдаудың, жобалық менеджменттің негіздерін білу

Функционалды міндеттер

- шығармашылық қызметтің түрлі салаларында облыстық (өңірлік) байқаулар, фестивальдар және конкурстар өткізуді ұйымдастырады;

- облыстық деңгейде сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;

- мәдениет саласы бойынша «Дипломмен ауылға!» өңірлік бағдарламасының орындалуын бақылау;

- мәдениет саласы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму болжамын дайындау;

- ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін бақылауды жүзеге асырады;

- жылдық, ай сайынғы жоспарларды, басқарманың желілік іс-шаралар кестесін дайындау;

- облыс әкімдігінің негізгі іс-шаралар жоспарына енген іс-шаралардың орындалуы туралы есептерді дайындау;

- басқарма басшысының апта сайынғы жұмыс жоспарларын дайындау;

- аудандық мәдениет бөлімдерінің қызметін үйлестіру;

- көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (Үлгілі) атағын беруге өтінімдер қабылдау мемлекеттік қызметін көрсету бойынша жұмысты жүзеге асырады;

- СҚО әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияға, сондай-ақ нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және профилактикасы жөніндегі, құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы мүгедектер істері жөніндегі комиссияға ақпарат және тиісті құжаттар дайындау;

- жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне уақытылы және сапалы жауап беруге дербес жауапты болады     

А функционалдық блогы 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 05.06.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

06.06.2023 – 14.06.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

16.06.2023

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 107 кабинеті

Анықтама алу үшін байланыс

8(7152)504497