«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ есептілік және бюджетті атқару бөлімінің бас маманы (2025 жылғы 05.08 дейін негізгі қызметшінің бала күту демалысы кезеңіне, уақытша)

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-О-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

243700

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)

Қосымша талаптар

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. «Бухгалтерлік есеп туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңдарды; Бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын (мерзімдік және жылдық) жүргізу жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережелерін, осы саладағы өзге де нормативтік құқықтық актілерді білу.

Функционалды міндеттер

Мекемені жедел басқару талаптарына жауап беретін әр түрлі учаскелер бойынша бухгалтерлік есептің дұрыс ұйымдастырылуын қамтамасыз ету және белгіленген есеп жүргізу ережесі мен салық заңнамасын қатаң сақтау; тиісті жұмыс учаскелері бойынша құжаттаманы қабылдауды, бақылауды жүзеге асыру және оларды есептік өңдеуге дайындау; бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, ақша қаражаттарына, тауар-материалдық құндылықтарға, негізгі қорларға, есеп айырысулар мен төлем міндеттемелеріне түгендеу жүргізуге қатысу. Кадрлық жұмыстарды жүргізу. Есептілікті жасау және белгіленген мерзімде ұсыну. Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізу.

В блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 25.05.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

26.05.2023 – 05.06.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

07.06.2023

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 107 кабинеті

Анықтама алу үшін байланыс

8(7152)504497