«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» КММ -сі әкімшілік бөлімінің басшысы – бас есепші

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-О-3 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Бизнес және басқару

Қосымша талаптар

Осы санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының Заңнамасын, «Қазақстан-2050» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін білу.

Функционалды міндеттер

Бөлінген қаржы қаражатының тиімді және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді; жоспарланатын жылға бюджет бойынша жеке қаржыландыру жоспарларының жобаларын әзірлейді және басшылықтың қарауына ұсынады; басқарма бойынша штаттық кестені әзірлеуді жүзеге асырады; "бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Басқармада бухгалтерлік есепті жүргізеді, Бухгалтерлік есеп пен есептіліктің дұрыс қойылуы және дұрыстығы үшін жауап береді; кассалық және есеп айырысу тәртібінің қатаң сақталуын бақылайды, басқарманың бухгалтерлік есебі мен; кешенді тексерулер жүргізуге, тауарлық-материалдық құндылықтарды түгендеуге, мүлікті есептен шығаруға, декларацияларды толтыруға және оларды Салық комитетіне тапсыруға қатысады; материалдық құндылықтарды түгендеуді жүргізеді; материалдық - жауапты тұлғалармен шарттарды ресімдейді; материалдық құндылықтардың және тез тозатын заттар мен негізгі құралдардың болуы мен қозғалысын есепке алуды жүзеге асырады; тозуды есептеуді, басқару бойынша тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді жүргізеді; бензинге талондар сатып алуды, оларды ведомость бойынша беруді жүргізеді; өткен километраждың есебін жүргізеді; бюджеттік шот бойынша ақша қаражатының есебін жүзеге асырады; мемориалдық ордерлер жасайды; айналым ведомостары, аванстық есептерді қабылдау және өңдеу; шоттар бойынша айналым ведомостерін жүргізу; жүргізушілерге жол парақтарын беру; банктік құжаттарды, төлем шоттарын басып шығарады, сенімхаттарды жазып беруді және оларды тіркеуді жүзеге асырады, сенімхаттардың белгіленген мерзімде пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады; шаруашылық Шарттарды Қазынашылық органдарында ресімдейді және тіркейді. Кадрлық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асырады. Басшылықтың тапсырмасы бойынша қызметтік іссапарларға шығады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің Әдеп кодексі нормаларының мүлтіксіз сақталуы үшін дербес жауапты болады.

В функционалдық блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 02.05.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

03.05.2023 – 05.05.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

11.05.2023

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 107 каб.

Анықтама алу үшін байланыс

8(7152)340216