Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының терроризм профилактикасы және оның алдын алу инспекторлық және аумақтық жұмыс бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

283693

Жалпы біліктілік талаптары

D-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1 жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.

 

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Өнер және гуманитарлық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (білім беру саласы)
  • Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (білім беру саласы)
  • Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс (білім беру саласы)

Қосымша талаптар

1. Тиісті санатқа арналған әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасында қарастырылған Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі.

 «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі, Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

2. «Жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру туралы», «Қазақстан Республикасындағы қорғаныс және қарулы күштер туралы», «Әскери жағдай туралы» Заңдарды, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Орталық және жергілікті атқарушы органдардың және ұйымдардың жұмылдыру органдары туралы үлгілік ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын, «Азаматтарды әскери қызметке шақыруды қйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, «Қазақстан Республикасы аумақтық қорғанысын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарғысын білуі.

Функционалды міндеттер

 

Облыстың қоғамдық-саяси жағдайына, әлеуметтік-экономикалық дамуына және террористік ахуалына Мониторинг жүргізу және талдау.

Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу бойынша тиісті өңірлік бағдарламаларды орындау шеңберінде орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, фискалдық ведомстволардың, стратегиялық объектілер мен режимдік кәсіпорындардың, терроризмнің алдын алу мәселелері бойынша әскери бөлімдер қолбасшылығының және облыстың атқарушы органдарының өзара іс-қимылын және қызметін үйлестіруді ұйымдастырады.

Облыстың құқық қорғау және атқарушы органдары, ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелер басшыларының қатысуымен терроризмге қарсы қызмет мәселелері бойынша семинарлар, кеңестер дайындауды ұйымдастырады.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның отырысына материалдар дайындауды ұйымдастырады.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия аппаратының отырысына материалдар дайындауды ұйымдастырады.

Терроризмге қарсы комиссияның және оның аппаратының отырыстарын өткізуді ұйымдастырады.

Терроризмге қарсы комиссияның ақпараттық қажеттіліктері негізінде терроризмге қарсы қызметті жетілдіру мәселелері бойынша материалдарды қорытуды және талдауды ұйымдастырады.

Алдын алу - профилактикалық және қарсы насихат жұмысы, оның ішінде ақпараттық-насихаттау топтарының жұмысы желісі бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды үйлестіруді ұйымдастырады.

Аудан әкімдіктері жанындағы терроризмге қарсы комиссиялар аппараттарына әдістемелік көмек көрсетеді, көрсетілген қызметтердің жұмыс жағдайын тексереді, олардың қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің және (немесе) Үкіметінің шешімін талап ететін терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығына ұсыныстар әзірлейді және енгізеді.

Солтүстік Қазақстан облысындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбелерін әзірлеу, бекіту, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар дайындауды ұйымдастырады.

террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын жақсарту жөніндегі жағдайды зерделеу және іс-шараларды әзірлеуді ұйымдастырады.

Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының және Терроризмге қарсы комиссияның тапсырмаларын орындау мониторингін ұйымдастырады.

Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі жоспардың және терроризм мен діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі профилактикалық іс-шаралар жоспарының орындалуына мониторинг жүргізеді.

Төмен тұрған комиссиялардың қызметін үйлестіруді және бақылауды, терроризм профилактикасы, терроризм салдарларын барынша азайту және (немесе) жою бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсетуді жүзеге асырады.

Терроризм профилактикасы саласында кадрларды даярлау және біліктілігін арттыру келісілген шараларын жүзеге асыруда ынтымақтастықты жүзеге асырады.

Террористік қауіп-қатерлердің туындауының және діндарлардың радикалдануының анықталған себептері мен жағдайлары бойынша терроризмге қарсы комиссияның ақпараттық қажеттіліктерінің тізбесі шеңберінде келіп түскен ақпаратқа мониторингті және талдауды ұйымдастырады және жүзеге асырады.

Терроризмге қарсы комиссияның қызметі жөніндегі жұмыс жоспарларына енгізілуге жататын мәселелер шеңберін айқындайды.

Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу бойынша өңірлік жоспарларды әзірлеуді ұйымдастырады.

Ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтайды.

А блогі

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 28.04.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

02.05.2023 – 04.05.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

10.05.2023

Сұхбаттасу орны

СҚО Петропавл қ. Конституции Қазақстана к. 58 , 107 каб.

Анықтама алу үшін байланыс

8(7152)340216