Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің ауыл шаруашылығы және экономика мәселелері жөніндегі орынбасары

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

E-1

Орташа лауазымдық айлықақы

512004

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  3. А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  5. жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
  6. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда

Мамандығы

  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
  • Ауыл шаруашылығы және биоресурстар (білім беру саласы)

Қосымша талаптар

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың тестілеу бағдарламасымен көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі;

Нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі;

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Функционалды міндеттер

Аудандық аумақтық және жергілікті мемлекеттік органдардың ауыл шаруашылығын және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру, аумақтарды дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, жер қатынастары, аграрлық ғылым, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, жер қойнауын пайдалану және жер қойнауын қорғау, туризм, қоршаған ортаны қорғау, балық, орман және аңшылық шаруашылығы бағдарламаларын іске асыру.

Кәсіпкерлікті, өнеркәсіпті, сауданы, сыртқы экономикалық байланыстарды, шекара маңы ынтымақтастығын дамыту, экономикалық жоспарлау және бюджет пен бюджетаралық қатынастарды дамыту, қаржы, салық және тарифтік саясат мәселелері.

Коммуналдық меншік және жекешелендіру, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру, салық және қаржы-кредит тәртібі, геология, жер қойнауын пайдалану және жер қойнауын қорғау мәселелері. Халықты жұмыспен қамтуды дамыту бағдарламалары шеңберінде микрокредит беру мәселелеріне жетекшілік етеді.

Келесі қызметтерге жалпы бақылауды жүзеге асырады:

- ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі;

- «Ветеринарлық станция» ШЖҚ МКК

- жер қатынастары бөлімі;

- экономика және қаржы бөлімі;

- кәсіпкерлік бөлімі;

- «Қазпошта» АҚ филиалы;

- екінші деңгейдегі банктер;

- қазынашылық басқармасы;

- мемлекеттік кірістер басқармасы.

Келесі мәселелерді шешеді:

Ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіптік кешенді реформалау;

Ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын, жер қатынастары саясатын, өсімдік және мал шаруашылығындағы жаңа технологиялар базасын қалыптастыру;

Жер және жер қатынастары, халықтан сатып алу және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мәселелеріне жетекшілік ету;

Астық қабылдау кәсіпорындары, элеваторлар, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындары бойынша өзара іс-қимылды үйлестіреді және проблемаларды шешеді;

Орман және аңшылық шаруашылығы ресурстарын, су ресурстары мен балық шаруашылығын басқару, экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері.

Экономика және қаржы саласы, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын, нысаналы бағдарламаларды әзірлеу, бюджеттің индикативтік жоспарлау, салық және қаржы-кредит тәртібін бақылау мәселелерін шешу.

Шағын және орта бизнес пен сауданы дамыту, тарифтік саясат пен бәсекелестік нарықтарды қалыптастыру мәселелері.

Республикалық және коммуналдық меншікті жекешелендіру және басқару мәселелері.

Зейнетақы қорлары, банктер, сақтандыру компаниялары, қазынашылық, ауданның кіріс және қаржы органдары бойынша өзара іс-қимылды үйлестіру және проблемаларды шешу.

Келесі комиссияларға басшылық жасайды:

- субсидиялау бойынша гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың;

- тыңайтқыштар құнын субсидиялау бойынша;

- коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері бойынша (ведомствоаралық және тендерлік тұрақты жұмыс істейтін комиссиялар);

- жылжымайтын мүлікті жария ету бойынша;

- жер комиссиясы;

- жетекшілік ететін салалар бойынша өзге де консультативтік-кеңесші органдар.

Ауданда «Агробизнес» «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту», «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту», «Сыбаға», «Құлан», «Алтын Асық», «Бизнестің жол картасы», «Аумақты дамыту бағдарламасы», «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы», «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» және басқа да мемлекеттік және салалық бағдарламаларды орындау бойынша бекітілген бөлімдерге жетекшілік ету.

Жетекшілік ететін салалар бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларының сапалы және уақтылы орындалуы бойынша дербес жауапты болады.

А функционалдық блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 05.04.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

06.04.2023 – 14.04.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

18.04.2023

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 107 кабинеті

Анықтама алу үшін байланыс

8(7152)340216