«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» КММ кәсіпкерлікті дамыту және бизнесті қолдау бағдарламалары бөлімінің басшысы (2025 жылғы 09.09дейін негізгі қызметшінің бала күту демалысы кезеңіне, уақытша)

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-O-3

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  5. ғылыми дәрежесінің болуы;
  6. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
  • Инженерия және инженерлік іс
  • Өндірістік және өңдеу салалары
  • Қызмет көрсету саласы

Қосымша талаптар

Тиісті санаттың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу,

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білу,

Осы санаттың нақты лауазымын мамандандыруға сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының мынадай нормативтік құқықтық актілерін білу: Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі, Қазақстан Республикасының Əкімшілік рəсімдік-процестік кодексі, «Өнеркәсіптік саясат туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары, ҚР Президентінің Жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары мен өкімдері, өзге де нормативтік-құқықтық актілер, нормалар және қағидалар, функционалдық міндеттерді орындау үшін қажет басқа да міндетті білімді, сондай-ақ қажет көлемде мемлекеттік тілді білу.

Функционалды міндеттер

Бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру, қызметтің негізгі бағыттарын, нысандары мен әдістерін анықтау.

Өңірде кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының объектілерін құруға және дамытуға жәрдемдесу.

Облыста шағын және орта кәсіпкерліктің даму мониторингін жүзеге асыру.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне консультациялық көмек көрсету.

Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жобаларды іске асыру барысына мониторингті жүзеге асыру.

2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.

"Қарапайым заттар экономикасы" жеңілдікпен кредит беру тетігі іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.

Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау үшін бөлінетін бюджет қаражаты қозғалысының мониторингі.

Бизнесті қолдау бағдарламаларының іске асырылуына мониторингті жүзеге асыруды ұйымдастыру.

"Ұлттық Рухани жаңғыру" ұлттық жобасын іске асыруды бақылау.

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) енгізу мәселелерін қарау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.

Мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақтылы көрсетуді жүзеге асыру.

Заңды тұлғалардың түсті және қара металдар сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуі және өткізуі жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалардың мониторингісі.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.

«Жомарт Жүрек» қайырымдылық саласындағы меценаттарға құрмет көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.

Гендерлік саясатты іске асыру мәселесі бойынша жұмысты ұйымдастыру.

Шағын және орта бизнес мәселелері бойынша облыстық комиссиялардың, жұмыс топтарының, сараптамалық кеңестердің және т.б. жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту, әкімшілік кедергілерді азайту саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.

Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықты ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізу.

Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің облыс кәсіпкерлерімен кездесулерін өткізуді ұйымдастыру.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарында сертификатталмаған материалдарды сатып алуды болдырмау үшін дайындалатын өнімді сертификаттау мәселесі бойынша жергілікті өндірушілермен өзара іс-қимыл жасау.

Бекітілген іс-шаралар бойынша бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалар үшін деректерді жасау үшін есептерді ұсыну.

Бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімі шешімдерінің, өкімдерінің жобаларын дайындауға қатысу.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қаралуына, жауап берілуіне бақылауды жүзеге асыру, соның ішінде есептерді беру.

(А блогы)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 28.03.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

29.03.2023 – 31.03.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

04.04.2023

Сұхбаттасу орны

СҚО Петропавл қ. Конституции Казақстан 58 к. 107 каб.

Анықтама алу үшін байланыс

8(7152)50-44-97