Солтүстік Қазақстан облысы аппаратының әлеуметтік-экономикалық даму бөлімінің бас маманы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
243700
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
- Биологиялық және сабақтас ғылымдар
- Қоршаған орта
- Ауыл шаруашылығы және биоресурстар (білім беру саласы)
Қосымша талаптар
1.Тиісті санатқа арналған әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасында қарастырылған Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
Функционалды міндеттер
Облыс әкімі бірінш іорынбасарының, облыс әкімі аппараты басшылығының қызметін ұйымдастырушылық-құжаттамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Жетекшілік ететін салалардың жергілікті атқарушы органдары мен басқару құрылымдары қызметінің әртүрлі тараптарын сипаттайтын деректерді жинайды, жинақтайды және талдайды, әкімді, бірінші орынбасарды және аппарат басшысын ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Облыс әкімдігінің, комиссиялардың отырыстарында, облыс әкімі мен облыс әкімінің бірінші орынбасары өткізетін кеңестерде қарауға қажетті құжаттарды дайындайды.
Жетекшілік ететін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің, облыс әкімдігі қаулыларының және облыс әкімі шешімдерінің жобаларын редакциялайды және дайындайды, қабылданғаннан кейін олардың орындалуын ұйымдастырады.
Облыстық ведомстволардың: ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының, ветеринария басқармасының қызметін үйлестіреді.
Қазақстан Республикасы Заңдарының және Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, орталық атқарушы органдардың құқықтық актілерінің, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, облыс әкімі бірінші орынбасарының нұсқауларының, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
Облыс әкімі бірінші орынбасарларының қатысуымен өтетін кеңестерде хаттама жүргізуін қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ тапсырмаларды орындайды.
Жетекшілік ететін сала мәселелері бойынша азаматтардың хаттары мен өтініштерін қарайды.
Жетекшілік ететін салада мемлекеттік органдармен облыс әкімінің бірінші орынбасарына енгізілетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауап жобаларының сапасын бақылауды жүзеге асырады. Қажет болған жағдайда облыс әкімі орынбасарының бұрыштамаларын орындаушылардың құрамына қосымша мемлекеттік органдардың не лауазымды тұлғалардың құзыретіне сәйкес енгізу тұрғысынан қайта қарайды, сапасыз жауаптар жобаларын пысықтауға жібереді.
В блогі
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
l.zhukenova@sko.gov.kz
- 20.03.2023
- СҚО Петропавл қ. Конституции Казақстан 58 к. 107 каб.
-
8(7152)34-02-16