Солтүстік Қазақстан облысы аппаратының инспекторлық және аумақтық жұмыс бөлімінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг және талдау секторының жетекші маманы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
210087
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары, орта білімнен кейінгі білім
- Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
- Журналистика және ақпарат
- Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
Қосымша талаптар
1.Тиісті санатқа арналған әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасында қарастырылған Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі, Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
2. Мемлкеттік тілде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықты білу.
Ортадан кейінгі «білім», «гуманитарлық ғылымдар», «бизнес, басқару және құқық», «кітапханалық іс, ақпаратты өндеу және мұрағаттану» бейіндері бойынша рұқсат етіледі.
Функционалды міндеттер
Облыстың, аудандардың және Петропавл қаласының қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторингті және талдауды жүзеге асырады;
ай сайынғы негізде облыстың, аудандардың және Петропавл қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды және қорытынды көрсеткіштері бойынша қызметтік жазбалар мен талдау материалдарын қалыптастырады;
мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысын талдайды (қызметтік жазбалар түрінде енгізіледі);
әкімшілік-аумақтық даму, стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған облыстық басқармалар жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша тұжырымдамалық ұсыныстар әзірлейді және енгізеді;
облыстық және аудандық БАҚ-қа талдау және мониторинг жүргізеді, оның қорытындысы бойынша күнделікті негізде теріс және резонанстық жарияланымдар жөнінде жедел ақпарат ұсынады;
облыс әкімінің, аппарат басшысының жұмыс сапарларының және облыс әкімі бас инспекторлары іссапарларының тізілімін жүргізеді;
облыс әкімінің жұмыс сапарларына және аудандарға нысаналы сапарларына, сондай-ақ оның қатысуымен өтетін кеңестерге талдамалық материалдарды дайындауды жүзеге асырады;
облыс әкімінің, аппарат басшысының тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етеді;
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Премьер-Министрі Кеңсесінің және өзге де мемлекеттік органдардың сұратулары бойынша материалдар дайындауды жүзеге асырады;
аппарат басшысын, аппарат басшысының жетекшілік ететін орынбасарын, бөлім басшысын, бас инспектор-сектор меңгерушісін жетекшілік ететін аудандардағы, Петропавл қаласындағы және жергілікті атқарушы органдардағы жағдай туралы тұрақты негізде хабардар етеді.
В блогі
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
l.zhukenova@sko.gov.kz
- 17.03.2023
- СҚО Петропавл қ. Конституции Қазақстана к. 58 , 107 каб.
-
8(7152)34-02-16